Basty bet
Жоғары жетістіктер жалғаса береді
2023 жылдың 12 айында сот төрелігінде айтарлықтай жұмыс атқарылды
2023 жылдың 12 айында Жуалы аудандық сотымен айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Есепті мерзімде сот төрелігінің атқарған жұмысын атап өтсек, қаралған қылмыстық істер бойынша барлығы 66 тұлғаға қатысты 59 қылмыстық іс қаралған. Солардың ішінде – 42 іс 48 тұлға бойынша үкім шыққан, 9 іс 10 тұлғаға қатысты іс өндірісімен қысқартылған, оның ішінде, билердің қатысуымен 1 іс медиациямен 1 іс бітімгершілікпен тоқтатылған.
Азаматтық істер бойынша барлығы қаралған – 532 іс, 54 іске сот бұйрығы шыққан, 288 іске шешім шығарылған, 120 іс қысқартылған, билердің қатысуымен 107 азаматтық іс медиациялық тәртіппен, 12 іс бітімгершілікпен тоқтатылған.
Әкімшілік істер бойынша барлығы 488 іс қаралған. Оның ішінде, 386 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, яғни 229 айыппұл, 92 қамақ, 9 арнайы құқығынан айыру, 45 ескерту, 11 мемлекет шегінен шығару және 102 іс өндірісімен тоқтатылған.
Әрбір өзгертілген, сот актілері жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта қайталамау мақсатында соттың жедел және өндірістік кеңестерінде талқыланып отырады.
Сот жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары туралы, талап арыздарды қайтару, қабылдаудан бас тарту, қараусыз қалдыру, азаматтық істерді сырттай тәртіппен қарау, істерді, ұсыныстарды қарау мерзімдерін сақтау мәселелері, сот мәжілістерін үш реттен көп кейінге қалдыру себептерімен қатар, судьялармен этиканы сақтау нормалары, қызметкерлермен еңбек тәртібін сақтау үнемі бақылауда тұр.
2023 жылдың 12 айында өткізілген іс-шаралар бойынша аудандық сотпен 19 дөңгелек үстел, 47 семинар, 3 брифинг, 1 баспасөз конференциясы, 3 лекция, 6 кездесу өткізілді. Сонымен қатар 33 жеке қабылдау жүргізіліп, газетке 48 мақала жарияланды. Жамбыл облыстық сотының сайтына 28 мақала жарияланған.
2023 жылдың 12 айында судьялардың іс-әрекетіне шағым айту кездеспеген және аудандық соттың мемлекеттік қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
2023 жылдың 12 айында билердің тікелей қатысуымен тоқтатылған істердің жоғары көрсеткіші бойынша жемісті болды деп атап өткен маңызды. Атап айтқанда, есепті мерзім ішінде сотта билердің қатысуымен 3 қылмыстық, 119 азаматтық, 78 әкімшілік іс тоқтатылған. Сотқа дейінгі татуластырумен 8 әкімшілік құқықбұзушылық іс шешіліп, 52 азаматтық дау тоқтатылды.
Аудандық сотта мемлекеттік тілді қолданыс аясын кеңейту бағытында да жүйелі жұмыстар атқаралып, мекемеде ішкі құжаттар мен шығыс құжаттардың барлығы 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізілуде.
Қорыта келе, 2023 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарды жемісті деп айтсақ болады. Осы тұрғыда қол жеткен айтулы жетістіктерді төмен түсірмей, ағымдағы жылдың бедерінде де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге сенім мол!
Дулат ДОСЫБАЙЛЫ,
аудандық сот әкімшісінің
бас маманы-
сот отырысының хатшысы