Basty bet

Спорт – бейбітшілік елшісі

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Спорт – бейбітшілік елшісі» атты тақырыпта жастар арасында шаңғы тебуден аудандық жарыс өткізілді. Аталған шараға әр ауылдық округтерден 14-35 жас аралығындағы жастар қатысты.
Спорттық іс-шараның мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және қыстық ойындарды дамыту, спорттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіну, жастарға саламатты өмір салтын үйрету және қалыптастыру.
Іс-шараны аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов ашып берді. Әрі қарай сөз кезегі Ақсай ауылдық округінің әкімі Мақсат Мейірбекұлына берілді. Ол жарысқа қатысуға келген жастардың барлығына сәттілік тіледі.
Шаңғы жарысының қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей орындар алды.
I орын иегері – Рәпілбек Әли, II орын иегері – Мамыржан Азамат, III орын иегерлері – Сұраншы Әлмасих және Ертай Алишер.
Жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің атынан дипломдар мен Алғысхаттар және сыйлықтар табысталды.

Жастар ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close