Basty bet

Өскелең ұрпақпен кездесу

Бәйтерек ауылындағы №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие беру мен әскери қызметті, оның ішінде, шекара қызметінің ерекшеліктерін насихаттау мақсатында “Ақсуат” шекара заставасы бастығының орынбасары, аға лейтенант Дархан Кабдулқадыровтың ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, патриотизмге тәрбиелеу. Азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің негізгі міндеті жоғары деңгейдегі әлеуметтік белсенділікті, азаматтық жауапкершілік пен руханилықты дамытуды қамтамасыз ету болып саналады. Шекара қызметінің аға лейтенанты Дархан Бауыржанұлы кездесу барысында оқушыларға өмірлік тәжірибелерімен, ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында Дархан Бауыржанұлы оқушыларды әскери қызметтің қыр-сырымен таныстырып, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, саяси экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан қазақстандық батырларды еске алу арқылы ерліктерін дәріптеп, пікір алмасты.

Камила ӘБСЕМЕТ,
Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының кітапхана меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close