Basty bet
Жастарымыз жат ағымға жаңылмасын!
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Қазіргі таңда Ислам атын жамылған жат ағымдар жастардың санасын улауда. Ал осы жат ағымның шырмауына түскен жастарымыз хақ дін мен теріс ағымның арасын ажырата алмай жүргені өкінішті. Бұл – еліміздің болашағы үшін де, қоғам үшін де ойланатын үлкен мәселе. Жат ағымның алдын алу мәселесінде біздің ел – күшпен емес, біліммен және идеологиямен жеңуді көздейді. Қазіргі таңда еліміздің әр аймағы бойынша дін істері басқармасы жұмыс істейді. Басқарма мамандарының асыл дініміздің қадір-қасиеті туралы халыққа түсіндірмелері өте маңызды.
Еліміз тәуелсіз даму жылдары аралығында шығу тегі әртүрлі және түрлі діни сенімдегі адамдардың бір шаңырақ астында бейбіт қатар өмір сүруінің мүмкін екендігін дәлелдей алды. Бұған еліміздің әлемдік және дәстүрлі діндердің ғаламдық сұхбатын қалыптастырудың алаңына айналғаны дәлел бола алады. Төл тарихымыздың сан ғасырлар бойы қазақ халқының рухани мәдениетінің негізін құрап келген ізгі қасиеттері Ислам дінімен тығыз байланыста болатыны осыдан.
Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, бүгінде рухани тұлға болып қалыптасу тұрақты түрде машықтануды талап етеді. Қазіргі заманда сауаты бар адам ешқашан көш соңында қалып қоймайды. Сондықтан, жастар Алла тағала сыйға берген жастық шақ пен алтын уақытты дұрыс бағалап, білім алуға және кәсіптің белгілі бір саласын игеруге барынша күш салулары қажет!
Марат ЖАРЛЫҚАСЫН,
Күреңбел ауылдық
округінің әкімі