Basty bet

Өндірістік бақылаудың тәртібі мен мақсаттары

Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрықтары бойынша:
Өндірістік бақылаудың мақсаты – объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
Өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, технологиялық процестер барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, микробиологиялық, химиялық, радиологиялық қауіп-қатерлер мен бөтен қосылыстарды жою мен азайтудың уақтылығын бақылау.
Бақылау барысында іс-шараларды түзету және анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды іске асыру жүргізіледі.
Сонымен қатар тері,ауа тамшылы жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша іс шараларын залалсыздандыру, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу арқылы қамтылады.Мектепке дейінгі мекемелерде камералық залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу көзделген.(бала бақшаларда төсек орындарды зарарсыздандыру).
Өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, технологиялық процестер барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, микробиологиялық, химиялық, радиологиялық қауіп-қатерлер мен бөтен қосылыстарды жою мен азайтудың уақтылығын бақылау. Бақылау барысында іс-шараларды түзету және анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды іске асыру жүргізіледі. Әр бір нысандарда өндірістік бақылау жүргізу үшін аспаптық және зертханалық зерттеулерді дара кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертхана базасында жасалынады.Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірде №62 бұйрықтың талаптарын орындау бойынша ҚРДСМСЭҚК «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Жуалы аудандық бөлімшесінің зертханасында орындалатынын мәлімдеймін.

Гаухар Байдаулетова,
санитариялық-эпидемиологиялық
қызмет дәрігері

Таңдаулы материалдар

Close