Basty bet

Ботулизм дегеніміз не?

Ботулизм – өлімге әкеліп соғу мүмкін токсикоинфекция. Ботулизмнің клостридий микробы – көптеген жануарлардың ішегінде және топырақта болады. Ол топыраққа нәжіспен бірге түседі және онда көптеген жылдар бойы өмір сүре алады. Ауасыз жерде, мәселен консервіленген өнімдерде болған кезде микроб ботулотоксин уын бөліп шығарады, ол ысылдағыш улы жыланның уынан 400 мың есе күштірек. Егер адам ботулотоксині бар тағамды жесе, онда у науқастың барлық организмінде бұлшық еттің салдығын тудырады.
Көп жағдайда ботулизмге үйде дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, баялды, бұрыш себепкер болып табылады. Алайда ботулотоксин кез келген консервіленген етте, көкөністе, балықта болады. Сондай-ақ, ботулизмді консервіленген тағамдар қауіпті екенін түсіну қажет. Үйде дайындалғандарға қарағанда, өнеркәсіптік өндірілген консервілерден ботулизмді жұқтыру өте сирек кездеседі. Алайда ол да улы болуы мүмкін.
Ауруды жұқтырып алмаудың қандай жолы бар?
Ботулизмдегі ең келеңсіз жағдайы сіз тағамның сыртқы түріне қарап бүлінген емес пе дегенді анықтай аласыз. Сондай-ақ ботулизмге қарсы екпелер жоқ және иммунитет дамымайды. Сондықтан консервілерді дайындау барысында және жеген кезде сақ болу қажет.
Қақпақтың қампаюы консервіде ботулотоксиннің болуы мүмкін екендігін міндетті түрде есте сақтаңыз.
Ботулизмді қалай анықтауға болады?
Ботулизмнің белгісі 2-24 сағат ішінде өрши бастайды, адамның іші өтеді, лоқсып құсады, шамалы температурасы көтеріледі, іші ауыра бастайды. Ботулизмнің ерекшелігі – көздің көруінің бұзылуы, көз бұлшықеттерінің реакциясынан заттың қосарланып көрінуі басталады, қыли көзділік дами бастайды. Содан кейін сөйлеудің бұзылуы, әлсіздік, ауызда құрғақтық, жұтынудың бұзылуы, дауыстың өзгеруі қосылады. Жоғарыда айтылғандардан бөлек, ботулизмнің ең маңызды белгісі дене қызуының шамалы көтерілуі және қалтыраудың жоқтығы болып табылады.
Ең бастысы, денсаулық – бұл адамның ең қымбат құндылығы екенін есте сақтаңыздар. Сондықтан өнім таңдауда барынша сауатты болған дұрыс!

Марат Искаков,
аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close