Basty bet

Өзара жанашыр болу – елге жанашыр болу!

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дәріптеуге, қоғамды жайлаған бес кеселмен ел болып күресуге шақырды. Адалдық пен әділдікті бәрінен де биік қоюға үндеді.
“Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, білімді жастар көп. Олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу – елге жанашыр болу деген сөз. Ұсақ-түйек әңгімені қойып, қазақты бөліп-жармай, жалпыұлттық деңгейде ойлауға ұмтылайық!” деген жүрекжарды тілегін жеткізді.
Ақын Абай атамыз: “Біріңді қазақ бірің дос көрмесең, істің бәрі бос” деген. Бұл сөздің жауапкершілігін сезініп, қай істе болсын парасаттылық таныта алсақ, қоғамдағы өзекті мәселелерді де оңай шеше аламыз.

Нүрила Мәлібекова,
аудандық мәслихаттың депутаты

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close