Basty bet

Қол күрестен аудандық жарыс өтті

Аудандағы №14 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында қол күрестен аудандық жарыс өтті.
Жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырып, қол күресі спортының дамуына үлес қосу мақсатында өткен бәсекені аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы ұйымдастырды.
Ауданның үздік жас армрестлингшілері бақ сынаған жарысқа Бауыржан Момышұлы ауылы, Нұрлыкент, Қарасаз, Шақпақ, Қызыларық, Боралдай және Мыңбұлақ ауылдық округтерінен келген 2005-2006 жылғы және одан да кіші жастағы 70-тен аса спортшы қатысты.
Қол күресі шеберлері бес салмақ дәрежесі бойынша білек күшi спортының озық үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысында, 45 келіде I орынды Нұрсұлтан Сауқымбек, II орынды Нұрқанат Қозыбай, III орынды Әзім Оразалы иеленді.
50 келіде Аңсар Қуаныш I орын жеңімпазы атанса, Бауыржан Қайратбекұлына II орын бұйырды. Ал, Санжар Лайық III орынды қанағат тұтты.
60 келі салмақ дәрежесінде I орынды Мұрат Құдайберген, II орынды Мұрат Төлепберген және III орынды Ақжол Еврей алды.
65 келіде I орынды Нұржауған Мұқатай, II орынды Нұрислам Орысбек, III орынды Әлихан Асубаев иеленді.
70 келі салмақ дәрежесінде Махамбет Мұратбай жарыс жеңімпазы атанса, II орынды Диас Аман, III орынды Махмұд Лайық иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табыс етiлдi.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close