Basty bet

ТАҒАЙЫНДАУ

2024 жылғы 8 сәуірдегі аудан әкімінің №83 Ж/Қ өкімімен Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы лауазымына Айтбаев Руслан Габитович тағайындалды.

АЙТБАЕВ РУСЛАН ГАБИТОВИЧ
Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында 1989 жылы туған. Білімі – жоғары, 2012 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Жуалы ауданындағы 91678 әскери бөлімінде келісім-шарт негізінде механик жүргізуші болып бастаған. Аталған әскери бөлімде 2017 жылға дейін 1-ші таулы атқыштар ротасының бөлім командирі, 2-ші таулы атқыштар ротасының взвод сержанты, 1-ші таулы атқыштар ротасының бөлімше командирі, штабтық ротасының сержанты, минаатқыштар батареясының сержанты болған.
2019-2024 жылдары Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Жуалы аудандық филиалында «Бизнес Бастау» жоба үйлестірушісі, директоры болып қызмет атқарған.

 

2024 жылғы 8 сәуірдегі аудан әкімінің №82 Ж/Қ өкімімен Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік- құқықтық жұмысы бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспектор-заңгері лауазымына Жапбаров Кайрат Нурлыбекович тағайындалды.

ЖАПБАРОВ КАЙРАТ НУРЛЫБЕКОВИЧ
Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында 1987 жылы туған. Білімі – жоғары, 2009 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің 2-ПБ тергеуші болып бастаған. 2012 жылы аға тергеуші болған. 2012-2013 жылдары Астана қаласы бойынша қаржы полициясында тергеу басқармасының тергеушісі, Астана қаласының қаржы полициясында жемқорлыққа қарсы басқармасында инспектор, 2014 жылы Астана қаласында «Presto» ЖШС-ның директоры, «Isker kala» ЖШС директоры, 2017-2019 жылдары Астана қаласында «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның басқарма басшысы, 2019 жылы Астана қаласында IT қызметі, «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-да басқарма басшысы, 2021-2024 жылдары Тараз қаласында «K-Contract Service» ЖШС-ның директоры болып қызмет атқарған.

Таңдаулы материалдар

Close