Basty bet

Зайырлылық – тыныштық пен тұрақтылық кепілі

Ата Заңда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетілді. Осы тұрғыда «зайырлылық» деген сөзге түсіндірме беріп өтсек.
Бүгінгі таңда зайырлылық туралы анықтамалар өте көп. Солардың бірнешеуін тізбектер болсақ: «барлық діндерге бейтарап қарайды», «діни басшылықтан тәуелсіз», «теологиялық қағидалар мен нормалардан азат» деген мағыналарды білдіреді. Дегенмен қоғам арасында «зайырлылық» ұғымын атейзммен теңестіретін адамдар да табылып жатады. Зайырлылық – «атейзм» немесе «дінді жоққа шығару емес», керісінше, – адамның ар-ождан бостандығын діни сенім еркіндігіне кепілдік беруді білдіреді. Бұл анықтама «ар-ождан бостандығы», «төзімділік» және «толеранттылық» сияқты құқықтық, моральдық түсініктермен тығыз байланысты.
Мемлекеттің дінге деген қатынасының демократиялық сипатта екендігін танытады. Қоғамның кез-келген мүшесіне, оның діні, тегі, нәсіліне қарамастан, әр адамның қандай да бір дінге сену, сенбеу мәселесіне араласпайтын ұстаным. Яғни, адамның ар-ожданының, моральдық болмысының еркіндігіне мүмкіндік беретін, мемлекет азаматтарының арасындағы қарым-қатынасты тек құқықтық негізде шешуді қамтамасыз ететін бүгінгі мемлекеттік басқару жүйесінің ең басты тетігі. Зайырлылық практикалық тұрғыда әлемнің көптеген елінде болып жатқан процесс. Белгілі бір діннің өкілі өзге дін өкіліне саусағын шошайтып келеке етуге тыйым салынған. Яғни, ар-ождан бостандығы. Мұндай жағдай біздің елде де бар.
Жоғарыда айтылған зайырлылық ұстанымын тіпті, Ислам діні де қолдаған іс. Себебі, Ислам дінінің қағидаттары бойынша өзге дін өкілдеріне зорлық қиянат істер жасауға тыйым салынған.
Қорытындылай келе айтпағымыз, қандай да бір қоғамның ілгерілеп алға жылжуы мемлекет ішіндегі діни тұрақтылыққа байланысты. Таяу Шығыс елдеріндегідей сүннит пен шиит ағымы секілді немесе бір территорияда өмір сүріп өзге дін өкілдерінің құлшылықтарына бөгет жасап бөлінушілік қоғамға зардабын тигізуші үлкен фактор. Сондықтан, адамгершілік пен ар-ұятымызға нұқсан келтірмейік!
Нұрсұлтан Рақымбек,
Нұрлыкент ауылдық
округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close