Basty bet
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау тек қана мүліктің бүлінуіне ғана емес, сонымен қатар адамдардың қаза болуына әкеп соқтырады. Тұрмыстық өрттердің статистикасы аудан аумағында өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторларында орын алатындығын дәлелдейді. Әдетте, олардың барлығы электр сымдарының немесе жылыту аспаптарының ақаулығына байланысты. Сонымен қатар, көп жағдайда өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан (темекі шегу, алау және т.б.) орын алады. Көптеген өрт балалардың отпен ойнауынан туындайды.
Үйде өрт орын алған жағдайда жүргізілетін профилактикалық алдын алу іс-шаралары:
– Үйде бензин, керосин, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыз.
– Ең болмағанда бір өрт сөндіргішті сатып алыңыз.
– Қосылған электр және газ плиталарын, шәйнекті, үтікті, қабылдағышты, теледидарды, жылытқышты қараусыз қалдырмаңыз.
– Электр сымдарының, розеткалардың жарамдылығын қадағалаңыз.
– Бір розеткаға бірнеше тұрмыстық электр аспаптарын (әсіресе үлкен қуатты) қоспаңыз.
– Ашық отта бояуларды, лактарды және т. б. жылытпаңыз.
Алайда, бірінші кезекте бір негізгі ережені есте сақтауға кеңес береміз: өрт болған жағдайда, дереу «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметті шақырыңыз!
Жуалы ауданы ТЖБ және
№7 ӨСБ