Basty bet

Азаматтардың ұсыныс-тілегіне тиісті жауап берілді

Аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімі Жалғас Мұртаза аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында жеке қабылдауға жазылған бірқатар азаматты жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізіп, олардың мұң-мұқтажына назар аударды.
Аудан басшысының қабылдауына бірінші болып кірген Ақтөбе ауылдық округінің Бәйтерек ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі зейнеткер Зәуре Усипова тұрмыстық қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын айтып, өзінің жағдайы жасалған үйге мұқтаж екенін жеткізді. Өзінің айтуынша, оның қазір уақытша тұрып жатқан үйі ешбір талапқа сәйкес келмейтін көрінеді. Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде «халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – І, ІІ топтағы мүгедек» санаты бойынша №129-шы кезекте тұр. Сондықтан, алдағы жылдары аудан орталығында салынатын көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен пәтер берілсе деген тілегін де қоса жеткізді.
Аудан басшысы Жалғас Мұртаза Б.Момышұлы ауылында биыл көпқабатты жаңа бір тұрғын үйдің құрылысы басталатынын айтып, онымен қоса, өтініш білдіруші зейнеткерге заңды кезегі келгенде ғана пәтерге қол жеткізуге болатынын айтты.
Аудан басшысының қабылдауында болған Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Надежда Галахова, ол өз кезегінде аудан орталығындағы №1 бөбекжай-балабақшасының ауласынан балалардың ойнауына арналып алаңша салынса, бөбекжайдағы балалардың дене шынықтыруына және емін-еркін ойнап, дамуына жағдай жасалса деген ұсынысын жеткізді. Келесі кезекте өңір басшысына аудан орталығынан қайырылған шаруа азамат Төлеген Нұралиев өзінің тұратын аумағында бірнеше азаматтың жеке кәсіпкерлік нысаны орналасқанын айтып, сол төңіректен автокөлік қозғалысына және тұрғындардың ары-бері қатынауына жағдай жасалып, көше жолы салынса деген ұсынысын білдірді.
Жеке қабылдауда көтерілген азаматтардың өтініш-тілектеріне аудан басшысы Ж.Мұртазаның және сұраққа жауапты бөлім басшыларының тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close