Жаңа жылдың алғашқы аптасында Мемлекет басшысы “Ана тілі” газетіне сұхбат беріп, өткен жылдың қорытындысын баян етіп, таяу жылдарға арналған жоспарлы жұмыстарды бір пысықтады.
Жалпы, Президенттің отандық БАҚ-тардың ішінде баспасөзге сұхбат беруі бірінші рет емес. Бұдан бұрын да “Егемен Қазақстан”, “Ана тілі” республикалық газеттерінде Президенттің ел болашағына қатысты бірнеше маңызды сұхбаты жарияланғанын жақсы білеміз. Ал Президенттің биылғы сұхбатының жөні бөлек, мағынасы ерек. Онда елдегі ішкі-сыртқы саясат, халықаралық қауымдастықтағы Қазақстанның рөлі туалы кеңінен баяндалған.
Президент сұхбатының тақырыбы өзекті, көтерер жүгі де салмақты. Жыл алмасқан жауапты сәтте ой ел болашағы туралы тереңнен ой толғап, басылымға сұхбат беру кім кімге де оңай емес. Ел тағдыры мен ұрпақ болашағы туралы айтқан Президент, былтыр көктемде елімізде орын алған алапат су тасқыны кезінде халықтың мызғымас бірлігі мен өзара жанашырлығын да ерекше атап өтті. Шын мәнінде ел болашағы – халықтың ауызбірлігіне тікелей байланысты.
Президенттің газеттегі сұхбаты құнды ой-пікірлерге құрылып, болашақ туралы мағыналы ой-толғамдарға толы. Президент сұхбаты ойға ой қосып, ел танымын кеңейткен мағыналы әңгіме болғаны анық.
Ауызбірлік артып, ел өрісі кеңейе берсін, елмен бірге Жаңа жылдан жақсылық күтеміз!
Мұратқали РАХМЕТОВ,
Жуалы аудандық Билер кеңесінің төрағасы.
Ауданның Құрметті ардагері.