Basty bet

Жарық орнатылып, көшелер жөнделуде

Мыңбұлақ ауылдық округінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Көлбастау ауылындағы Д.Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстарын «МерейСтройИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жөндеу жұмыстарына 79 млн теңге бөлінген. Талапты ауылындағы Көлбастау көшесінің жөндеу жұмыстарына 16,8 млн теңге және Б.Момышұлы көшесі мен Көлбастау көшесінің арасындағы тұйық жолдың жөндеу жұмыстарына 13 млн теңге қаржы қарастырып, бүгінде асфальт төсеу үшін екі көшенің жолдары тегістеліп, тас төсеу жұмыстары атқарылуда. Аталған көшелердегі жөндеу жұмыстарын «ДезФумэкс» ЖШС жүргізуде. Қазыбек би көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын «Алатау Бәйтерек» ЖШС жүргізді. Оған 14 млн теңге қаржы бөлінген болатын.

Айта кету керек, Талапты ауылында шағын футбол алаңы мен ойын алаңшасын салу жұмыстары да қатар жүруде. Ауылдағы игі істі «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Меркі корпоративтік қоры жүргізуде. Сондай-ақ Көлбастау ауылына қарасты Б.Момышұлы, Ә.Рысбеков, М.Лермонтов көшелері және Б.Майлин мен Ә.Байтоқов көшесін қосып тұрған тұйық, Д.Қонаев көшесі мен Ә.Рысбеков көшесін қосып тұрған тұйық, Б.Момышұлы көшесі мен Ә.Байтоқов көшесін қосып тұрған тұйық жолдарды жарықтандыру үшін электр бағаналары орнатылып, жарық берілді. Жарықтандыру үшін жергілікті бюджет есебінен 12,4 млн теңге қарастырылып, жарықтандыру жұмысын жеке кәсіпкер «Галиев» жүргізді.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдарды жөндеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға Мыңбұлақ ауылдық округінің тұрғындары дән риза. Себебі, ауылдағы асфальт жолдардың тозығы жеткен болатын. Қыс, көктем және күз мезгілдерінде оқушылардың мектепке баруы қиындық туғызатын еді. Енді олар таза жолмен қатынайтын болады.

Әділет ТОЛЫБАЕВ,
Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close