Basty bet
Тұрақтылық пен татулықты берік ұстанған
Ауданда этносаралық қарым-қатынасты нығайту және барлық этнос өкілдері арасындағы күнделікті ұсақ жанжалдардың алдын алу мақсатында этнос өкілдерімен іс-шаралар өткізілді.
Бүгінде біздің қасиетті Жуалы жерінде 11 этнос, бес этномәдени берлестіктің өкілдері Ассамблея құрамында бірлік пен татулықта өмір сүруде.
Б.Момышұлы ауылында халық саны -14739 адамды құраса, оның этникалық құрамында 12781 қазақ азаматы, 1138 орыс, 285 шешен, 72 әзірбайжан, 133 өзбек, 92 неміс, 122 украин және 116 азамат өзге ұлттарды құрайды.
Этнос өкілдерінен тұрақтылық пен татулықты, өзара сыйластықты, мемлекеттік тілге деген ерекше құрметтерін көруге болады. Аудан орталығында барлығы төрт этномәдени бірлестік бар. Бірлестік жетекшілері қоғамдық іс-шараларға қатысып, белсенділіктерін танытуда.
Мәселен, «Мехрибан» әзірбайжан ұлттық орталығының төрайымы Эсмира Мамедова, «Войнах» шешен ұлттық орталығының төрағасы Лечи Оздамиров, «Бахор» өзбек ұлттық орталығының төрайымы Зувайда Мажитова, «Славян» орыс этномәдени бірлістігінің төрайымы Ирина Протасова.
Іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев жалпы елімізде тұратын қандай да этностың өкілдерімен достықты сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа да құндылықтарына құрметпен қараудың қажеттігін баса айтты. Қиын-қыстау кезеңде қаншама ұлтты жатсынбай, бауырына басқан қазақ халқының қонақ жайлығын, өзге ұлттарға ұқсамайтын тағы басқа асыл қасиеттеріне кеңінен тоқталды.
«Мехрибан» әзірбайжан этномәдени орталығының жетекшісі Эсмира Мамедова және «Бахор» өзбек этномәдени орталығының жетекшісі Зувайда Мажитова, «Славян» этномәдени бірлестігінің өкілдері тілектерін білдірді.
Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері-барша азаматтардың достығы мен өзара қолдауының жемісі.
Надежда ГАЛАХОВА,
аудандық жастар ресурстық орталығының этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіруші маманы