Basty bet
Кәсіп игеруге ниетті әйел-аналарға мол мүмкіндік
Сәрсенбі күні аудан бойынша «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан бойынша Мансаптық орталық филиалы жұмыс берушілермен «TopJargan» білім орталығында «Жұмыс берушілерге жұмыс істейтін аналар үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығы» тақырыбына семинар өтті.
Семинарды Мансаптық орталық филиалының Жұмыс берушілермен, ізденушілермен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Құндыз Қалмұратова ұйымдастырды.
Семинарды аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нүрила Мәлібекова жүргізіп, бағдарламаның тиімді тұстарына тоқталды.
Семинарға сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Эльмира Әбішева, Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы, ЖҚ және ӘБ бөлімі м.а. Гүлшат Наурызова, «Нұрлы ұрпақ» балабақшасының директоры Әсима Шекеева, «Аягүл» балабақшасының меңгерушісі Құрманай Муслимова , ЖК «Nur-Ai» Айша Игілікова, ЖК «Асемова» Гүлмира Асемова т.б жеке кәсіпкерлер қатысты.
Семинардың мақсаты мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру
«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған «Ұлтық жоба» аясында субсидияланған жұмыс орындары және ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Әлеуметтік кодекстің» баптарын түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес, төмендегі уақытша жұмыс орындары құрылады:
1.«Алғашқы жұмыс орыны» жобасы бойынша -18 айдан аспайды;
2.«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 6 айдан аспайды;
3.«Жастар практикасы» -12 айдан аспайды;
4.«Әлеуметтік жұмыс орны» – 12 айдан аспайды;
5.«Күміс жас» жобасы – 36 айдан аспайды;
Яғни «Ұлттық жоба» аясында субсидияланған жұмыс орындары туралы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері жайлы түсіндіріліп, жұмыс берушілерге Enbek.kz порталы арқылы электронды еңбек шарт жасау, бос жұмыс орындарын жариялау тәртібі айтылды.
Жиынның барысында қойылған сұрақтарға Мансап орталығының маманы Қ.Қалмұратова жауап берді.
Сондай-ақ, кәсіпкер аналар өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Лаура МұсабекоВА,
«Жаңа өмір»