Basty bet

Тиімді демалыс мекені

Жазғы демалысты барлық бала асыға күтетіні белгілі. Өйткені, жыл бойына оқуға бар ынтасымен кіріскен оқушылар жазғы демалысты барынша қызықты, әсерлі өткізуге тырысады.
Осы ретте балалардың жазғы лагерьді қызықты етіп өткізуіне Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназияның жанынан ашылған Жазғы әлем атты лагері үшінші маусымнан бастап жұмысын бастаған болатын.
2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес лагерьді 260 оқушы қамтылып, оның ішінде, бірінші ауысымды 130 оқушы, екінші ауысымды 130 оқушыны қамтылған. Лагерь басшысы ретінде мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Пакизат Бейбітқызы бекітілген.
Жалпы лагерь бірінші сынып пен алтыншы сынып аралығында өтілуде. Екі ауысымда толығымен балаларды ыстық тамақтармен қамтылған. Сонымен қатар бірінші ауысымда “Қыран’’, ‘’Балдәурен’’, ‘’Галактика’’, ‘’Динозаврики’’, ‘’Black boys’’, ‘‘Сұңқар’’, ‘’Galaxy’’, ”Жұлдыздар”, Достық” деп аталатын он топқа бөлінген, ал екінші ауысымда балалар сегіз топқа бөлінген. Топ жетекшілері ретінде мектептегі жас мамандар бекітілген.
”Жазғы әлем” лагері алғашқы күніне сәйкес ‘’Кел танысайық’’ тақырыбында танысу күніне арнап, топ басшылары сайланып, ережелері таныстырылған болатын. Сонымен қатар балалардың интеллектуалды, физикалық, өнер жағынан дамыту мақсатында ‘’Елімнің еркіндігі’’, ‘’Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз’’, ‘’Жайдарлы жаз’’, ‘’Ертегілер еліне’’ саяхат тақырыптарында іс-шаралар өткізіліп, жүлделі орындарға иеленіп марапатталды, балалар жазғы демалысының бастамасын осылай бастаған болатын,- дейді Пакизат Бейбітқызы.

Сагина АБДРАМАН,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
конвергентті журналистика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Таңдаулы материалдар

Close