Basty bet
Мемлекеттік қызметшінің әдебі – өте маңызды ұғым
Мемлекеттік қызметкердің тәртібі мен өзін-өзі ұстауына, кәсіби біліктілігіне, халықпен қарым – қатынасына қарай халықтың тұтас мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады. Сондықтан, елімізде мемлекеттік қызмет атқаратын мамандардың, әдеп нормалары заңмен бекітілген. Мемлекеттік қызметкердің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуі тегіннен тегін емес. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметкерлер өз әрекетімен басқаларға да үлгі бола білуі керек.
Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Қазіргі заман талабының өзі «мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – халыққа адал қызмет етуі» деген мәселені ашық тақырыпқа шығарып тұр. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлердің әдебі – кәсібимемлекеттік қызметтегі адамның қатынастарының кәсіби мамандырылғанын айшықтайтын моральдық-адамгершілік нормалар жүйесі. Ол шенеуніктің адамгершілік мәніне қарай, оның мемлекетпен, мемлекеттік қызметкерлерімен, азаматтық қоғаммен қарым-қатынасының сипатына қойылатын моральдық талаптарды білдіретін принциптерді, ережелер мен нормаларды қамтиды.
Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінің басты міндеттері:
– Қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету;
-Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
-Қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу;
-Жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу.
Уақыт сұранысына сай толықтырылып, жаңартылып отыратын заңнама елдегі мемлекеттік қызметкерлердің жүріс-тұрысына әрі қорған, әрі бағыт-бағдар болары сөзсіз. Мемлекеттік қызметкерлер әріптестерімен қызметтік қарым – қатынасы кезінде әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшыларқарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынас кезінде меритократияқағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезіндемекендес, туыстық және жеке басына берілген белгілері бойынша артықшылықтарды көрсетпеуге тиіс.
Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп Кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындалуы әрбір маманның қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті.
Мақсат Мәтен,
Ақсай ауылдық округінің әкімі