Basty bet
2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары 2 наурыз бен 10 қазан аралығында жүргізілді, «Битрикс» РБЦЖ-нде «Жамбыл ГРЭС-і» АҚ Энергоблок №3 жобасы бойынша 14 іс-шара, орындалғаны 14.
№3 энергоблоктың күрделі жөндеу жұмытарына келісімшарттары жасалған. Тауар-материалдық құндылықтарды (ТМЦ) жеткізу және жұмыстарды орындау барысы толықтай мердігердің жауапкершілігіне жүктелген. Күрделі жөндеу аясында энергоблоктың негізгі жылу-механикалық және электротехникалық жабдықтарында кешенді жұмыстар атқарылды. Оның ішінде турбинаның жоғары және орташа қысымды цилиндрлерін, қазандық шегіндегі бу құбырлары мен негізгі өткір бу құбырын ауыстыру, сондай-ақ генератор мен блоктық трансформаторды күрделі жөндеу жұмыстары бар. Мердігер жұмыстарды толықтай өз күшімен, құрал-саймандарымен және құрылғыларымен, сондай-ақ жұмыстарды жүргізуге қажетті өз материалдарынан жүзеге асыруда.
Қазандық жабдығы 3-А және 3-Б корпустарының КБП-1 — ТРБӨ (КПП-1 — ППТО) учаскелерінде — екі желі, сондай-ақ 3-А және 3-Б корпустарының ЖРБ-2 — КБП-2 (ВРЧ-2 — КПП-2) учаскелерінде — екі желі бойынша жалпы ұзындығы 61,96 м және жалпы салмағы 17,42 тонна болатын қазандық шегіндегі бу құбырларын ауыстыру жұмыстары орындалды. Роторды суырып шығару және оны жөндеу алаңына тасымалдау арқылы ТГВ-200 генераторына және ТДЦ-250000/220-У1 блоктық трансформаторына күрделі жөндеу жүргізілді.