Basty bet

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1.Көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
2.Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
4.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5.Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
6.Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында, стендте көрінетін жерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары орналастырылды, сондай-ақ халықтың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеп тұр.
Әкімшілікте «Электрондық үкімет» пен egov.kz порталдарында жұмыс істеуге халықты үйрету бойынша жұмыстар жүргізіледі.Тұрғындарға электрондық-сандық қолтаңбаны ашу қажеттігі және картрейдерді қолдану тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері айтылып жеткізілуде.
Боралдай ауылдық округінде, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.
1.Сауда — саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
2.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
3.Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
4.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
Байланыс мәліметтері: Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты, Көлтоған ауылы, Қонашев көшесі №20, байланыс телефон нөмірі: 5-29-85.
Қабылдау демалыс пен мейрам күндерімен басқа жұмыс күндері сағат 09:00-ден кешкі 18:30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін

Айгүл Ахметова,
Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close