Basty bet

Құрметті көлік иелері!!! 

Соңғы уақытта автокөліктерде орын алған өрт оқиғалары күрт өсіп отыр. Көліктің жылдамдығы мен ағымының ұлғаюы адам шығыны мен ірі көлемдегі материалдық шығынға әкеліп соғатын жол-көлік оқиғаларына себеп болып отыр. Автокөлікті пайдаланудың тиімділігін арттыру оның техникалық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады. Автокөліктің қауіпсіздігінің маңызды элементтерінің бірі болып оның өрт қауіпсіздігі.

Автокөліктердегі өрттер адам шығынымен техниканың істен шығуына әкеліп соғатын ауыр авариялардың қатарына жатады. Автокөліктердегі орын алған өрт оқиғаларына сараптама жасау барысында, өрттің негізгі себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы екендігі анықталды.

Құрметті жүргізушілер! Өрттер мен қайғылы оқиғаларды алдын алу үшін Сіздерге төмендегі Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

  • Автокөліктің желілерімен механизмдерін жұмысқа жарамды жағдайда ұстау қажет;
  • Гараж бен қозғалтқышты жылыту мақсатында ашық от көзімен, қолдан жасалынған электр жылытқыш құралдарын пайдалануға болмайды.
  • Гараж ішінде тез жанатын материалдардан жасалған үй мүліктерін, сонымен қатар ТТС мен ЖГ сақтауға болмайды.
  • Өрт шыққан жағдайда жүргізуші автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумуляторды ажыратып, автокөліктегі жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп «101» телефоны арқылы хабарлап, өрт сөндіргіш құралдарымен өртті сөндіруге әрекет жасау керек;
  • Көліктің бұзылған жерін байқаған жағдайда тез арада оны қалпына келтіру қажет. Тек зауытта жасалған сақтандырғаштарды пайдаланыңыздар.

 

Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ

Таңдаулы материалдар

Close