Basty bet

Ұлттық ойын – ұрпақты шыңдайды

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Ауылымның кештері» айдарымен Көлтоған ауылдық мәдениет үйі мен Ертай ауылдық клубы мамандарының ұйымдастыруымен «Ұлттық ойын – ұрпақты шыңдайды» атты фестиваль өтті.
Кешімізді Боралдай ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Мақсатбек Байболов ағамыз ашып берді. Кешіміз әсем әндермен мың бұралған биші қыздардың биімен басталды. Шара барысында балалар күресі, қатын күрес, қол күрес, әйелдер қол күресі, арқан тартыс, шахмат ойыны, тоғызқұмалақ, ханталапай ойындары қатар жүріп отырды. Күреске Рақымжан Борашев ағамыз төрелік етсе, тоғызқұмалақ, шахмат ойынына ардагер ұстаз Болатбек Құрмашев ағамыз, арқан тартыс, қол күрес ойындарына Елепбай Наржан төреші болды.
Осы кісілердің төрелік етуімен фестиваліміздің жеңімпаздарын анықтадық. Қазақша балалар күресінен Төреғали Нағашбек пен Дәулетхан Нағашбек I орын, Шыңғыс Кәдірәлі мен Ақжүрек Ошақбай II орын, ересектер арасында Жансерік Жұмабек I орын, қатын күрестен Мадина Ортаева I орын, Айнұр Үкібаева II орын, шахмат ойынынан Ербатыр Болатбек I орын, тоғызқұмалақ ойынынан Ұлдана Шардарбек I орын, қол күрестен Нұрхат Жұмабек I орын, әйелдер қол күресінен Алтынай Дүйсебекова I орын иеленді. Кеш соңында жеңімпаздар Алғысхаттармен марапатталып, сый-сияпаттар табысталды. Халқымыздың ұлттық құндылықтарын, соның ішінде ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін ұғындырып, дәріптеп, болашақ ұрпаққа насихаттап жеткізетін осындай іс-шараларымыз әркез жалғасын тапса.

Бауыржан АСУБАЙ,
Ертай ауылдық клубының үйірме жетекшісі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close