Basty bet

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ ЖОЛАМАН

Қайрат ауылының тумасы Жоламан Алагөзов 1991 жылы туған. Мыңбұлақ орта мектебін тамамдаған соң, Тараз мемлекеттік университетіне электрик мамандығы бойынша оқуға түседі.
Ең алғашқы еңбек жолын 2014 жылы аудандық Қорғаныс бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен бастайды, одан кейін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде аула сыпырушы болып жұмыс істейді. 2014 жылы «Жасыл-Жуалы» мекемесіне өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады, онда үздік қызметкер атанып, тіпті басшысының уақытша міндетін атқарушы болған.

-Жұмысымыз жекеменшік болып, барлық жұмыс тендер арқылы болып жұмыстың мәнісі кеткен соң, өз еркімен жұмыстан бас тартып, жеке кәсіпкерлікке кеттім.
Қазіргі таңда Қайрат, Диқан, Б.Момышұлы ауылдарынан сүт жинап, сүт компаниясына өткіземін. Бұл салада жүргеніме 5-6 жыл болып қалды,- дейді кәсіпкер.
Сұхбат барысында байқағаным, кейіпкеріміз сегіз қырлы, бір сырлы азамат екен. Олай дейтін себебім, өзі электрик болған соң тапсырыс берушілері көп, барлық тоқ көздеріне жарық жүргізеді, одан бөлек үйге арналған душ кабинасын тапсырыс бойынша жасайды, «Жайлау» атты ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысын жүргізеді.
Жақында ғана ағасы Дәурен екеуі отбасылық бизнесті қолға алып «Сантехника» дүкенін ашып, жұмысын жандандыруда. Дүкеннің бағалары да қол жетімді, жүйелі, ондағы заттарды Шымкент қаласынан алып келеді. Сантехникалық жабдықтардың, ас үй мен ваннаға арналған керек-жарақтардың, керамикалық плиткалардың, сондай-ақ сумен жабдықтауды орнату мен реттеуге қажетті жабдықтардың кең ассортиментін ұсынатын үлкен дүкен. Дүкенде таңдауға және сатып алуға мүмкіндіктің барлығы бар. Жөндеу жұмыстарын бастауға, ванна бөлмесінің немесе асүйдің дизайнын өзгертуге, дәліздегі еден плиткаларын ауыстыруға шешім қабылдаған кез келген адамда көптеген сұрақтар туындайды. Қай өндірушіні таңдау керек, осы немесе басқа сантехниканың айырмашылығы неде, үйге не қолайлы? Екі ағайынды жігіттер тұтынушылардың сұрақтары бойынша, таптырмас нұсқаулық және көмекші болады. Мұндай консультациялар кезінде белгілі бір өнім туралы білу қажет нәрсенің бәрі егжей-тегжейлі қарастырылады, қажетті компоненттер таңдалады және орнату бойынша көмек ұсынады. Жұмысшылардың кәсіпқойлығына олардың сантехника саласындағы тәжірибесі кепілдік береді. Қолайлы бағаларды ескере отырып, тіпті ең талапшыл тұтынушы да осы жерден өзіне ұнайтын нәрсені таба алады.
Асқар тау әкесі Айтбай Алагөзов мен анасы Ұрхия Дәуірбаеваның кенже ұлы Жоламан 2015 жылы Манат Жүсіппен шаңырақ көтеріп, үш қыз, бір ұлдың сүйікті әкесі атануда.
Жоламанның сондай үлкен талғаммен жасалған дүниелеріне таңдай қақпай тұра алмайсың. Әрбір жұмысына қарап, таң-тамаша боласың. Байқағаным, әр жасаған жұмысында үлкен тиянақтылық бар. Тұтынушыларының талғамынан шығып жүргендігі де сұранысқа сай сапалы қызметті ұсына білгендігінен болса керек. Бір жағы бұл оның табанды талпынысының жемісі.
Бір сәтте «Тәуекел етіп, қолдағы қаржымен кішкентай ісін бастап, бүгінде оны үлкен кәсіпке айналдыра білген жас жігіттің бұл табандылығына қанша мақтау айтсаң да жарасады.

Лаура Мұсабекова,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close