Basty bet

НӘЗИПА ШАНАИ ЖАМБЫЛ ЖЕРІНЕ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

🔰Ағымдағы жылдың 20-22 тамыз күндері ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі және ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
Нәзипа Ыдырысқызы іс-сапарын Талас ауданынан бастап, мұнда ашылған «Отбасын қолдау орталығы» КММ салтанатты рәсіміне қатысты.
🔷Ол өз сөзінде «Бұндай орталықтардың көбеюі қоғам үшін сын, жақсы көрсеткіш емес, алайда заман талабы сондай. Қорғау, қолдау, қамқорлық күткен, жақын тартқандары жат болғанда, жау болғанда, қауіп төндіргенде аялдайтын, ес жинайтын ортаның болуы ана мен бала саулығы үшін маңызды. Әр естіге ой салатын амалсыз һәм қажет шешімдер» екенін жеткізді. Сондай-ақ, Аналар кеңесінің кез-келген жағдайға қолдау білдіретінін атап өтті.
Еске сала кетейік, облысымызда бүгінде 6 орталық жұмыс жасайды. Оның екеуі Тараз қаласында болса, төртеуі аудан орталықтарында. Жыл соңына дейін барлық аудандарда ашу жоспарланған.
🔷 ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаидың Жамбыл облысына арналған іс сапары ары қарай Тараз қаласы мен Байзақ ауданында жалғасын табатын болады.

Таңдаулы материалдар

Close