Basty bet
Қазақстан GII 2026 индексінде 8 сатыға көтерілді
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Жаһандық инновациялық индексінде Қазақстан 139 экономика арасында 81-орыннан 73-орынға шықты – соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтиже.
🥇 Орталық Азияда 1-орын, Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында 2-орын.
📈 Инновациялық нәтижелер субиндексі бойынша 11 сатыға өсу (84 → 73).
🏛️ Нәтижелер ДЗМҰ штаб-пәтерінде тұрақты өкілдерге ұсынылды.
🤝 2026 жылы Тұрақты өкілдік ДЗМҰ-мен индикаторлар, әдістеме және деректер сапасы бойынша тікелей жұмыс жүргізді.
🎯 Өсу әлеуеті – ғылыми зерттеулерге шығыстар, венчурлік қаржыландыру, университет пен бизнес байланысы.
💡 Келесі міндет – нәтижені бекіту және позицияны одан әрі жақсарту.