Basty bet

Жолдауды толық қолдаймын

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын тыңдай отырып айтылған мемлекеттік ой, пікір, ұсыныстарға сусындадық.
Жолдауда айтылған бір басымдық – салықтық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру. Президентіміз: «Пайданың технологиялық жаңғыруға және ғылыми әзірлемелерге жұмсалған бөлігіне салынатын корпоративті табыс салығын төмендету немесе одан босату тәсілін енгізу керек. Салық төлеушілерді салықтан жалтаруға құмарлығын азайту үшін арнайы салық режімдерін жеңілдету керек. Сондай-ақ, салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдарды әдейі бөлшектеуге жол бермеу мәселесі жаңа кодексте қарастырылуы қажет», – деп айтты.
Расында, да қазір салық төлеуден қашатын азаматтарымыз бар. Біз кірістер басқармасы ретінде салықтың уақтылы және дұрыс төленуіне мүдделіміз. Әрі атқарушы органбыз. Осы тұста, мемлекет басшысының ұсынып отырған, арнайы салық режімдерін жеңілдету мен Жаңа кодекс кәсіпкерлердің салықты уақтылы төлеуіне әкеледі деген кәміл сенімдемін.

Ардақ АсҚарова,
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close