Basty bet
Қазақ қара сөзінің қызыл жебесі – Шерхан Мұртаза
«Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарасы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» кітапханалар жобасы жүргізілуде.
Аталған жобаның мақсаты – өңір кітапханалары мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту, кітапхана мен кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, кітапханашылардың қоғамдық және кәсіптік әртүрлі өмір тараптарын қамту. Сондай-ақ, өңірдің ерекше мәдени, тарихи көркем көріктілерін, әдеби мұраларын тереңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық мүддені қорғауға деген игі сезімді оятуға атсалысу, заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңы ретінде кітапханалардың қоғамдағы деңгейін арттыру, кітапхана мамандарының өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету болып отыр.
Осы ретте, Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Жамбыл ауданындағы күндері барысында аудандық өнер мектебінде Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ қара сөзінің қызыл жебесі – Шерхан Мұртаза» атты әдеби алаңын өткізді.
Әдеби алаңның мақсаты – халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті публицист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Шараны кітапхана қыметкерлері Еркебұлан Тәліпбек және Эсмира Мәден жүргізді.
Іс-шарада кітапхана қызметкерлері жазушының «Ай мен Айша» романынан, «41-жылғы келіншек», «Соғыстың соңғы жесірі» атты әңгімелерінен көрініс көрсетті және «Бір кем дүние» ойтолғауынан үзінді, қазақтың ақын-жазушыларының Шерхан Мұртазаға арнау өлеңдерін оқыды. Кітапханашылар Ақерке Әнуарбек, Жанерке Өмірбекова, Аида Тәліпбек «Ұлт рухының жыршысы», «Қазақтың Шерағасы», «Жүрегіне қаламын сүйеген» атты кітап көрмелеріне библиографиялық шолу жасады.