Basty bet
қазына кірісін молайту бағытында еңбек етудеміз
14 тамыз – Мемлекеттік кірістер органының құрылған күні. Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, бұл органның құрылу тарихына қайта бір шолу жасағанды жөн көріп отырмын.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1991 жылы 9 шілдеде Қазақстан Республикасында салық органдары құрылған болатын. Елімізде Салық инспекцияның құрылуы осылай басталды.
1991 жылы Жуалы ауданы бойынша салық инспекциясы құрылған кезде алғашқы штат саны – 12 қызметкер болатын. Инспекцияның басшысы болып марқұм Сайлау Баетов бекітілген.
2014 жылы 14 тамызда салық органымен кедендік бақылау органының бірігуіне байланысты біздің орган Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып қайтадан құрылды.
Жуалы ауданы бойынша салық органдарын әр жылдары білікті басшылар, өз ісінің хас шеберлері басқарды. Бұл үлкен шоғырдың көш басында қаржы саласының үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, өңірге белгілі абыройлы азамат – Жарас Мұратайұлының тұрғаны анық.
Мекемені әр жылдары Жайықбай Керімбеков, Асқарғазы Абжанов, Гүлмира Құндызбекова, Мейірбек Танагөзов, Саят Тұрымов, Мұқтар Тіленшиев, Дәулет Жігітеков сынды салық саласының білгірлері басқарды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап аудандық мемлекеттік кірістер басқармасын Ардақ Асқарова басқарып келеді. Ардақ Тоқсанбайқызы білікті маман. Салық органдарында 30 жыл қызмет атқарып, тәжірибе жинаған. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер комитетінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Бүгінгі күнге Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы үш бөлімде 13 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады. Басқармада салық органдарында 33 жылдан аса қызмет атқарып келе жатқан білікті маман, бөлім басшысы Жанәділ Рахимбердиев, 20 жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан маман, бөлім басшысы Ерғали Нартаев және бас маман Нұрғали Ералиевтың ізін басып келе жатқан жас қызметкерлерден – Ерлан Оспан, Думан Ормахан қызмет атқарады .
Ендігі кезекте мекеменің атқаратын жұмысына тоқталатын болсам, Жуалы ауданы бойынша бүгінгі күнге барлық салық төлеушілердің тіркеудегі саны – 54 393-ті құрайды. Оның ішінде: Заңды тұлғалар: 444 заңды тұлға, (іс-әрекетті 441) оның ішінде: мемлекеттік мекемелер – 121; (оның ішінде: мектептер-46; балабақша-27); жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ТОО) – 155; өндірістік коператив (ПК, СПК) – 69; ауылдық тұтыну кооперативі (СПК) – 16; діни бірлестіктер – 29; қоғамдық бірлестіктер (ОО) – 19; құрылымдық бөлімшелер (филиал) – 35 болып табылады.
2023 жылдың жеті айының қорытындысына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің орындалуы – 100,9 пайызды құрады, болжам – 2768,3 млн теңге болса, нақты түсім – 2794,1 млн теңге, немесе 25,8 млн теңгеге артық түсті. Өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда өсу қарқыны – 111,7 пайызды құрады, немесе – 272,6 млн теңгеге артты.
Республикалық бюджет бойынша болжам сома 685,4 мың теңге болса, бюджетке түскені – 685,7 млн тенге, орындалуы – 100,0 пайыз. 2022 жылмен салыстырғанда, өсу қарқыны 149,4 пайызды құрады немесе 226,8 млн теңгеге артық түсті .
Аудандық бюджеттің орындалуы 106,6 пайызды құрады. Болжам 1118,6 млн теңге болса, бюджетке түскені – 1192,3 млн теңгеге немесе болжам сомадан тыс 73,7 млн теңге артық түсіп отыр. 2022 жылдың жеті айымен салыстырғанда, өсу қарқыны 101,9 пайызды құрады, немесе 21,8 млн.теңгеге артты.
Салық төлеушілердің тапсырған салық есептеліктеріне камералдық бақылау жасалып, Салық заңдылықтарын бұзған салық төлеушілерден бюджетке қосымша 147,3 млн теңге есептелініп, толығымен өндірілді. Соның ішінде жергілікті бюджетке 82,5 млн теңге өндірілді.
Жанәділ РАХИМБЕРДИЕВ,
Жуалы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
Басқармасы басшысының
міндетін атқарушы