Basty bet
Халықаралық жастар күні
Құрметті аудан жастары!
Баршаңызды 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ертеңгі елдің бек тірегі, болашақтың бастауы, еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Ал, бәсекеге қабілетті болу үшін өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты өмір жолынан үлгі алып, келешекке кедергісіз жету мақсатында аянбай еңбек ете білуі керек.
Өйткені, ел болашағы жастарымыздың білім мен күш-жігеріне, патриоттық сезімдеріне тікелей байланысты.
Бүгінгі жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулар мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыру үшін жасалып отыр. Білім дағдылары мен тәжірибесі мол жастар елдің экономикасын өзгерте алады.
Ауданымызда 2020 жылдың басынан бері бірнеше еріктілер науқаны іске қосылды. Жастар кәсіпкерлігін қолдау меселесі де назарымызда. Сондықтан да бүгінгі жастарымыз нарықтық заманда алғыр болуы керек. Сонда ғана алатын асуы мен бағындыратын белестері алда болмақ.
Құрметті жастар!
Алдағы уақытта да білім мен біліктіліктеріңізді тәуелсіз еліміздің өркендеуіне арнап, жастар саясатын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына үлес қоса беретіндеріңізге сенім білдіремін!
Сіздердің әрқашанда игі бастамаларыңыз сәтті, болашақтарыңыз баянды болсын!
Еліміздің кемел келешегін нығайтудағы еңбектеріңізге зор табыс, мықты денсаулық, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Баршаңызды, айтулы мерекелеріңіз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Ел ертеңі – жастар» – дейді дана бабаларымыз.
Қай елдің болсын басты капиталы оның халқы, соның ішінде жастар болып табылады. Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты.
Жастар – қай заманда, қай елде болсын асқақ арман мен үлкен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады.
Біздің ауданда 17 мыңға жуық жас тұрады. Мұнда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жергілікті жерде жүзеге асыруда және насихаттауда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызмет атқаруда.
Құрметті жас достар! Қоғамымыздың тұрақтылығын сақтау, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ұлттық келісімді насихаттау – бүкіл Қазақстан жастарының міндеті. Сондықтан еліміздің əрбір азаматы басты байлығымыз – Тəуелсіз Қазақстан екенін əрдайым естен шығармауы тиіс.
Бүгінде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс беруде. Елімізде қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларда жастардың рөлі мен белсенділігіне айрықша мән берілген. Сіздерге мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер қарастырылып отыр.
Ендеше, аудан жастары мемлекетіміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынымен, ерік-жігерімен, аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенемін.
Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай беріңіздер! Өз мүмкіндіктеріңізді барынша пайдаланып, зор жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспін. Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен бақ-береке тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жеңіс СЕЙІТБЕКОв,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы»
КММ директоры