Basty bet
Отбасы – тәрбие бастауы
Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Рамазан Әбделиевтің отбасының қатысуымен «Үйлесімді қарым-қатынас пен бақытты отбасы» атты тәлім сағаты өтті. Кеш барысында №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Ғали Мирас «Жолыққан қандай жақсы», «Бір ел болса» әндерін орындап, №19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназияның 7 сынып оқушылары отбасы туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Рамазан Әбделиевтің анасы ұлағатты ұстаз Дәнегүл Рахматова ғасырлар бұрын ашылған ғылым жаңалықтарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп, оны одан әрі дамуға септігін тигізіп отырған – кітап екенін айтып, оқырмандар қойған сұрақтарға жауап берді. Дәнегүл Рахматова кітапханаға «Ұстаздар ұлағаты» атты кітабын сыйға тартты. Балалар кітапханасының кітапханашысы Г.Егеубаева «Отбасының сәні-сыйластық, достың сәні – қимастық» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кешті аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева қорытындылап, балалар кітапханасының кітапханашысы Нұржанат Нұрманалиева қонақтарға сый-сияпат жасап, алғыс білдірді.
Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері