Basty bet

«ӘСКЕРИ ӨМІР МЕНІ БАТЫЛДЫҚҚА ҮЙРЕТТІ»

дейді лейтенант Медеубек Жұмағұлов

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнінің
маңызы зор. Болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде пән мұғалімінің тәжірибесі мен
білімі үлкен рөл атқарады.
Ақбастау ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектептің алғашқы әскери
дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, аудандағы орта мектептердегі аталған
пәннің оқытушы-ұйымдастырушылары взводының командирі лейтенант Медеубек
Жұмағұловтың іс-тәжірибесі көпке үлгі боларлық.

Медеубек Жұмағұлов Ақбастау ауылының төл
тумасы. Әкесі Сәбденбек Ұлы Отан соғысының
ардагері. Әкесінің бауырлары Абданбек пен
Бихан да әскер қатарында болған. Абданбек
соғысқа аттанып, қайта оралмаған екен. Жалпы
бұл әулеттегі ер азаматтардың барлығы әскер
қатарында болған.
Медеубек Сәбденбекұлы 1981-1984 жылдары
Қызыл ту Солтүстік теңіз флотында Отан
алдындағы борышын өтеген. Яғни, Эсминец
«Осмотрительный» БЧ-4 кораблінде қызмет етті.
Әскерден оралған соң Қаратау қаласындағы тау-
кен құрылыс техникумында техник-құрылысшы
мамандығы бойынша білім алып, аудандық
автомобиль жолдары мекемесінде прораб
болып 10 жыл қызмет еткен. 1997 жылы мекеме
жабылуына байланысты мектепке алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі болып орналасады.
Мектептен 2015 жылы аудан әкімі, аудандық
Қорғаныс бөлімі және білім бөлімінің қолдауымен
«Жас мерген» әскери-патриоттық клубы ашылған
болатын. Медеубек Сәбденбекұлы жетекшілік
ететін клуб бүгінде нәтижелі жұмыс істеуде.
Оқушылардың әск ери қызметк е деген
қызығушылығын арттыру мақсатында клубқа
Испанияда жасалған төрт винтовка, бір АКА-
74 автоматының оқу-жаттығулық түрі алынған.
2017 жылы көздеуіш құрылғы мен оқу-жаттығуға
арналған граната алынған.
-Мектебіміз 2013 жылдан бастап орта мектеп
болып қайта құрылды. Осы жылы мектебіміздің
директоры жеке кабинет берді. Кабинеттің іші
қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Интерактивті тақта, компьютер, арнайы стендтер
бар. Бұл мектеп директоры Сәтбай Жайықбаевтың
жас ұрпақтың болашағына үлкен жауапкершілікпен
қарайтындығының белгісі деп білемін.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-
ұйымдастырушылары ай сайын аудандық Қорғаныс
бөліміне жиналып, тәжірибе алмасып тұрамыз.
Мектепте алғашқы әскери дайындық пәні 10
сыныпта өтеді. Сонымен бірге 6 сыныпта «Жас
сарбаз» сыныбы бар. Сынып өткен жылы облыс
әкімі мен ҚР Қорғаныс министрінің меморандумға
қол қою рәсімінде айтылған «мектептерден «Жас
сарбаздар» сыныбы ашылса» деген ұсыныстары
бойынша ашылған.
Меморандумға қол қою рәсіміне біздің «Жас
мерген» клубынының мүшелері қатысты. Балалар
үлкен әсер алды.
Бүгінде «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары
(6 сынып) қазірден алғашқы әскери дайындықты
үйренуде. Бұл бастама өте орынды. Жас ұрпақтың
бойында бала кезден патриоттық сезімді, Отан
алдында азаматтық борышын өтеуге деген
жауапкершілікті қалыптастыру – аса маңызды іс,-
деді Медеубек Сәбденбекұлы.
Медеубек Жұмағұлов «Жас мерген» клубының
мүшелері, шәкірттерімен бірге жыл сайын облыстық
әскери-патриоттық, әскери-спорттық байқауларға
барып, жүлдемен оралып келеді.
Мәселен, 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25
жылдығына арналған «Айбын» республикалық
әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып,
ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының
орынбасары генерал-майор М.Таласовтың
қ ол ы н а н с е рт и ф и к ат а л д ы . 2 0 1 8 ж ы л ы
Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай
ұйымдастырылған әскери-патриоттық жастар
жиынында да сертификатқа ие болды.
– Әрине, республикалық шараларға қатысу
үшін алдымен облысымызда клубтар, жастар
арасында өткен «Айбын» әскери-спорттық
ойындарына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп
жүрдік. Үш жыл бірінші орынды иеленіп, кубокпен
марапатталдық. Жыл сайын аталған жарысқа
қатысып, жүлдесіз қайтқан кезіміз болған емес.
Бұл – әрине, бір менің ғана емес, шәкірттерімнің
еңбегі, пәнге деген қызығушылығының жемісі дер
едім.
Патриоттық сезім отбасындағы тәрбиеден
басталады. Әскер қатарында болған ер жігіт бірден
ерекшеленіп тұрады. Артық сөйлемейді. Әр сөзіне
жауап бере алады. Тазалыққа, тәртіпке үйренеді.
Мен әскер қатарында үш жыл болдым. Үш
жылдың ішінде корабльде қалай өмір сүруді
үйрендім. Ашық теңізге шығып, сынақтан өттік.
Алғаш корабльді теңіз толқыны шайқағанда
қорқатынмын. Әскери өмір мені батылдыққа,
отансүйгіштікке үйретті. Әскерде өтірік айтуға,
біреудің ала жібін аттауға болмайды. Ондай
жағымсыз іс-әрекеттер қатаң жазаланады. Біреудің
кемшілігінен сабақ алдық.
Жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан
Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке
бас иген құл болмайды» деген сөзі бәріміздің
ұранымыз болуы керек.
Менің шәкірттерімнің ішінде Керімбаев Берік
Әбдіманапұлы Құрлық әскерлер институтын бітіріп,
бүгінде әскери қызметте. Шәкіртім ауылға келген
сайын жастарға үлгі болсын, әскери қызметке
деген қызығушылықтары оянсын деген мақсатпен
оқушылармен кездесу ұйымдастырамын. Сонымен
бірге жыл сайын Ауған соғысы ардагерлерімен
кездесу өткіземін.
Мектебіміздің алдынан ауылымыздың жомарт
азаматтарының бірі – Жазықбаев Жамалбек
Диқанұлының демеушілігімен Ұлы Отан соғысының
ардагерлеріне арналған ескерткіш орнатылған.
Жылда осы ескерткіш алдында жиын өткіземіз.
Алғашқы әскери дайындық сабағының негізгі
мақсаты – жас ұрпақтың бойындағы патриоттық
сезімін ояту. Сабақ әскери сапқа тұрудан
басталады. Сабақ өмірден алынған мысалдармен,
тәжірибемен қызықты өтеді. Әр сабақтың қызықты
өтуі мұғалімге көп байланысты. Алғашқы әскери
дайындық пәнінің әр мұғалімі шәкірттеріне киім
киісі, жүріс-тұрысы, сөзі, жалпы іс-әрекеті арқылы
үлгі болуы керек.
Әр оқу жылында мен бескүндік оқу-дала
жиынын ұйымдастырамын. Онда оқушылар бізге
Теріс өзені жақын болғандықтан, Теріс өзенге дейін
жүгіріп барып, түрлі әскери жаттығулар жасайды.
Газ тұмылдырғыш киіп, граната лақтарып, ор
қазып, винтовкамен атып, түрлі әскери жаттығулар
жасайды, картоп алып барып, далада пісіріп жейді.
Оқу-дала жиыны балалар үшін өте қызықты, әсерлі
өтеді.
Жалпы, мамандығым өзіме ұнайды. 2012 жылы
ТИГУ-де оқып, білімімді жетілдірдім. Білімімді,
тәжірибемді дамыту мақсатында үш жыл қатарынан
Қарағандыда «Спасск» оқу-жаттығу орталығында
өтетін семинарға қатысып келемін. Бұл шараның
пайдасы көп.
Бүгінгі қоғамда айтылып жүрген жастардың
әскерге баруға қызығушылығы төмен деген
пікірге мен қарсымын. Себебі, көп жігіттер баруға
талпынады. Бірақ, мандатты комиссиядан өте
алмай қалып қойып жатады. Бұл жағдайды мен
өзімнің шәкірттерімнің жағдайынан жақсы білемін.
Қазақстан Республикасының Конституциясының
36 бабында:
«1.Қазақстан Республикасын қорғау – оның
әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
2.Республика азаматтары заңда белгіленген
тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет
атқарады» деп көрсетілген. Сондықтан жастарды
жас кезінен Отанды қорғауға дайындауымыз керек.
Патриоттық тәрбиеге тек отбасында, мектепте ғана
емес, қоғам болып көп көңіл бөлуіміз керек,- дейді
Медеубек Жұмағұлов.
Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close