Qoǵam
ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ
Ауыл шаруашылығына елдің азық-түлік қауіпсіздігі ғана емес, мемлекеттің қоғамдық-саяси тұрақтылығы, азаматтардың әл-ауқаты, ұлттың денсаулығы, қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігі де байланысты. Яғни, агроөнеркәсіптік кешен еліміздің гүлденуі мен игілігі үшін айрықша маңызға ие. Мемлекеттің қолдауы мен сындарлы саясатының арқасында аграрлық сектор жыл сайын қарқынды даму үстінде. Ауыл шаруашылығының дамуы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы саланың дамуындағы оң өзгерістерге қол жеткізуге, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету қауіпсіздігіне лайықты үлес қосуға өз септігін тигізуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар.
Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңімен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс» деп атап өткен болатын.
Мемлекет басшысының қойып отырған талаптарын басшылыққа ала отырып, аудан диқандары тұрғындарды отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында табысты еңбек етіп келеді. Міне, осы мақсатта мемлекеттің қолдауымен шаруаларға арзандатылған жанармай, несие, субсидия, лизингке техникалар берілуде. Мұның барлығы бүгінгі таңда шаруашылықтардың аяғынан тұруына үлкен сеп болып отыр.
Бүгінгі күні ауданда бес жауапкершілігі шектеулі серіктестік, бір өндірістік кооператив, 14 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 2 407 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олардың ішінде несие алып, жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп, шаруасын жолға қойғандары баршылық. Ауданда мал басының артуына, мал тұқымын асылданудыруға мемлекет тарапынан берілген «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары тікелей оң нәтижесін берді.
Масақты дәнді дақылдар 35 524 гектар егіліп, орташа гектар берекелілігі 23,3 центнерден айналды, 82 770 тонна өнім жиналды. Одан бөлек, майлы дақылдар 20 845 га орналастырылса, бүгінгі күнге жиналғаны 20 845 га, орташа өнімділігі 8,7 ц/га, жалпы өнім 18 135 тонна (100 пайыз), картоп 2 543 га, жиналғаны 2543 га, орташа өнімділігі 240 ц/га, жалпы өнім 61 032 тонна (100 пайыз), көкөніс 660 га жиналғаны 660 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, жалпы өнім 16 170 тонна (100 пайыз), қант қызылшасы 102 га, жиналғаны 42 га, жалпы түсім 617 тонна (41 пайыз), Көкбастау ауылдық округіндегі «Ержан» шаруа қожалығы Тараз қант зауытына 186 тонна қант түбірін өткізген. Дәндік жүгері 303 га, жиналғаны 303 га, орташа өнімділігі 55 ц/га, жиналған өнім 1 666 тонна га (100 пайыз) және мал азығы сүрлемдік жүгері 735 га жиналғаны 735 га, бастырылғаны 12 080 тонна (жоспар 12 000 тонна 100,6 пайыз).
2020 жылдың өнімі үшін егілген күздік бидай дақылын міндетті сақтандыру жұмыстары бойынша сақтандыру кестесі жасалып ауылдық округтерге жіберілген. Бүгінгі күнге ауданда 7293 га күздік бидай егіліп, 3841 га егістік алқап сақтандырылған (52 пайыз).
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция, нақты көлем индексі 3 тоқсан жоспары бойынша 112,0 млн тенге, бүгінгі күнге орындалғаны 115,7 млн тенге (103,3 пайыз).
Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 3 тоқсанда жоспар 336,0 млн теңге, индикаторлық көрсеткішке сәйкес жыл қорытындысымен жоспар 800,7 млн теңге. Бүгінгі күнге 577,9 млн теңге (171,9 пайыз), жоспар орындалды.
Минералды тыңайтқыш 2019 жылы минералды тыңайтқыш алу бойынша жоспар 2948 тонна, бүгінгі күнге жеңілдетілген бағамен 154 ш/қожалығы 2945 тонна минералды тыңайтқыштар алып, жалпы 19 750 га егістік алқаптарына пайдаланды. Оның ішінде аммиакты селитра 1982,6 тонна, аммофос 549,8 тонна және басқа әртүрлі тыңайтқыштар 412,6 тонна (99 пайыз).
Ауданымызда қазан айына күзгі дала жұмыстарына 390 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Бүгінгі күнге шаруаларға 320 тоннасы таратылды, тарату бағасы – 177 теңге.
Бүгінде ауыл еңбеккерлері алдағы жылдың өнімі үшін күздік дада жұмыстарына жұмылған, аудан шаруашылықтарында 9 615 га күздік бидай егу жоспарланса, бүгінгі күнге нақты себілгені 7 293 га (76 пайыз). Ауа-райының қолайлы сәтін пайдаланып, диқандар алқапқа дән сіңіру жұмыстарын аяқтауды межелеп отыр.
Мал шаруашылығында 2019 жылдың тоғыз айында мүйізді ірі қара болжамды 44 835 бас (2018 жылы 43 879 бас 102,4%), қой-ешкі 224 628 бас (2018 жылы 216 770 бас 103,6%), жылқы 10226 бас (2018 жылы 9 827 бас 104,1%), құстар 124 297 бас (2018 жылы 123 064 бас 101,0%).
Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі ет өндіру тірі салмақпен 9 708 тн. (2018 жылы 9564 тонна 101,5%), сүт өндіру 37 486 тн. (2018 жылы 36 871 тн. 101,7%), жұмыртқа 7142,8 мың дана (2018 жылы 6 994,3 мың дана 102,1%) өнім алу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында 30 тонна сиыр етін экспорттау жоспарланған болса, бүгінгі күнге Қошқарата ауылдық округіндегі «Ақтасты» шаруа қожалығы 91 бас МІҚ малын Қырғыз Республикасына өткізіп, сойыс салмағы 31,2 тоннаны құрады (104 пайыз).
Сондай-ақ есепті кезеңде қозы етін экспорттау жоспары 150 тонна болып белгіленсе, бүгінгі күнге өткізілгені 5 506 бас, 88 тонна (58,6 пайыз). Ақтөбе ауылдық округі – 3,2 тн (200 бас), Жетітөбе ауылдық округі 0,6 тонна (42 бас), Қызыларық ауылдық округі 3,5 тонна (220 бас), Шақпақ ауылдық округі 80,7 тонна (5044 бас) өткізіліп, жоспар артығымен
ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ
орындалды. Қосымша Ақсай ауылдық округінен 600 басқа, Көкбастау ауылдық округінен 600 бас, Жетітөбе ауылдық округінен 300 басқа, барлығы 1500 басқа құжаттар дайындалуда.
Бордақылау алаңдарына бұқашық өткізу жоспары үшінші тоқсанда 2 200 бас. Нақты бұқашықтардың тапсырылғаны 2204 бас (100,1 пайыз). Бүгінгі таңға Ақсай ауылдық округінен 257 бас, Боралдай ауылдық округінен 24 бас, Билікөл ауылдық округінен 27 бас, Б.Момышұлы ауылынан 280 бас, Жетітөбе ауылдық округінен 609 бас, Қарасаз ауылдық округінен 185 бас, Күреңбел ауылдық округінен 167 бас және Шақпақ ауылдық округінен 118 бас, Нұрлыкент ауылдық округінен 139 бас, Қошқарата ауылдық округінен 287 бас, Көкбастау ауылдық округінен 57 бас, Мыңбұлақ ауылдық округінен 54 бас өткізіліп, жоспар артығымен орындалды.
«Сыбаға» бағдарламасымен мүйізді ірі қара аналық басын импорттау жоспары үшінші тоқсанда 275 бас алу жоспарланған. Бүгінгі күнге нақты алынғаны 408 бас, немесе 148 пайызға артығымен орындалды. Нұрлыкент ауылдық округінде 54 бас, Бауыржан Момышұлы ауылында 10 бас, Жетітөбе ауылдық округінда 24 бас, Ақсай ауылдық округінда 20 бас және Көкбастау ауылдық округіндегі «Юнус» шаруа қожалығы 300 бас алған.
Сонымен қатар «Жуалы» несие серіктестігі арқылы Ақсай ауылдық округінде 56 бас және Қошқарата ауылдық округінде 37 басқа құжаттар өткізіліп, жұмыстар атқарылуда.
«Алтын асық» бағдарламасымен қой сатып алу жоспары үшінші тоқсанда 2 700 бас болса, бүгінгі күнге 1 295 бас алынды (47,9 пайыз), Боралдай ауылдық округінде 199, Қошқарата ауылдық округінде 260, Б. Момышұлы ауылында 80 бас, Мыңбұлақ ауылдық округінде 487 бас және Күреңбел ауылдық округінде 269 бас.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына аудан бойынша жалпы құны 297,4 млн. теңгеге барлығы 54 ауыл шаруашылығы техникасы, соның ішінде 33 жаңа «МТЗ» маркілі тракторлар, бір дана тиегіш, 20 дана ауыл шаруашылығы тіркемесі сатып алынды (2018 жылдың осы кезеңінде жалпы құны 267,6 млн. теңгеге барлығы 38 ауыл шаруашылығы техникасы алынған, соның ішінде 18 жаңа МТЗ тракторы, 15 дана ауыл шаруашылығы тіркемесі, бір дана шөп жинайтын комбайн мен төрт дана әртүрлі техника сатып алынған). Яғни, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 ауыл шаруашылығы техникасы артық сатып алынып отыр.
Ауданда мал азығы қажетті мөлшерде әзірленді. Бүгінгі күні қысқа 146 320 тонна пішен, 11 020 тонна пішендеме, 14 876 тонна сүрлем, 14 240 тонна сабан дайындалды.
Су үнемдеу технологиясы бойынша «Зылиха» шаруа қожалығы 50 гектар картоп алқабын «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы алған жаңбырлатып суғаратын құрылғымен суғарды. «Гамбург» ЖШС 1 253 гектар егістік алқапты жаңбырлатып суғаратын қондырғыcын орнатып, 330 гектар жүгері мен жоңышқа алқаптарын ылғалдандыруда.
Суғармалы алқаптардың көлемін арттыру бағытында мақсатты жұмыстар қолға алынуда. Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Ақсай №1 ішкі шаруашылық каналы орналасқан жеріне мемлекеттік акті және техникалық паспорт рәсімделген, суармалы алқабы 250 гектар ауыл шаруашылығы жерлері, ұзындығы 5,0 км, көзделген қаражат көлемі 4,899 млн теңге. Механикалық тазалау жұмыстары жүргізуге облыс көлемінде құрылған «Талас-Аса» КМК механикалық отряды атқаруда, бүгінгі күнге 5 шақырым каналына тазалау жұмыстары жүргізіліп, қойылатын 10 шлюзді орнату жұмыстары толық аяқталды.
Нұрлыкент ауылдық округіндегі Көксай №11 ішкі шаруашылық каналы орналасқан жеріне мемлекеттік акті және техникалық паспорт рәсімделген, суармалы алқабы 160 гектар ауыл шаруашылығы жерлері, ұзындығы 3 шақырым, көзделген қаражат көлемі 2,9 млн теңге. Механикалық тазалау жұмыстары жүргізуге облыс көлемінде құрылған «Талас-Аса» КМК механикалық отряды атқаруда. Бүгінгі күнге каналдың үш шақырымына тазалау жұмыстары жүргізіліп, 13 шлюз әкелініп қойылған. Бүгінгі науқандық суғару жұмыстары жүргізілуіне байланысты, бетондау жұмыстары күздің соңғы айына қалдырылып отыр.
«Талас-Аса» КМК механикалық отрядқа тазалау жұмыстарын атқаруға 2020 жылы қосымша жұмыс сұрастырылуда. Осыған байланысты Мыңбұлақ, Ақсай, Қызыларық ауылдық округтеріндегі ішкі шаруашылық каналдарын коммуналдық меншікке алынып, тиісті құжатпен қамтылуы қажет және бюджеттік жоспарға 2020 жылға қаражат қарастыруға ұсыныс беру керек. Сонымен қатар Көкбастау, Жетітөбе, Қарасаз, Күреңбел, Шақпақ, Боралдай, Билікөл және Қошқарата ауылдық округтеріндегі ішкі шаруашылық каналдары нақтыланып, 2020 жылға құжаттары дайындалу керек.
Су тоғандары бойынша Ақсай ауылдық округіндегі «Қайрат», «Шетбұлақ», Ақтөбе ауылдық округіндегі «Жарбұлақ» және Қарасаз ауылдық округіне қарасты «Береке» су тоғандарына «Жамбыл су қоймалары» КММ мекемесі тарапынан тазалау жұмыстарына қаражат ағымдағы жылы жоқтығынан, келесі 2020 жылға қарастырылады.
Рақымғазы ҚҰНИЯЗОВ,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы