Basty bet
Қоқыс жағуға тиым салынады
Күз мезгілі келуіне байланысты аудан аумағында қураған шөп және қоқыс өртеу оқиғалары жиілеуде. Осыған орай Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қоқыс өртеу салдарынан пайда болатын өрттердің алдын алу мақсатында күн сайын рейдтік жұмыстар жүргізуде. Рейд кезінде қоқыс қоқыс жағу фактісі орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес (Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде асмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау) әкімшілік іс қозғалатынын ескертеміз!
Өрт және төтенше жағдайлар кезінде «101» немесе «112» телефонына хабарласыңыздар!
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ