Basty bet

Президент сұхбаты: пікірлер тоғысы

Ел болашағын саралаған мағыналы сұхбат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Ана тілі” газетінде жарияланған сұхбаты – ел болашағын таразылаған құнды әңгіме болғаны дау тудырмайды. Басылымға сұхбат беріп, ел болашағы туралы ой-пікір білдіру – дәстүрге айналып отыр. Президенттің бұл жолғы сұхбатында елдің өткені сараланып, ертеңгі келешек туралы жоба-жоспарлар кеңінен көрініс тапқан.

Президенттің ойлайтыны – ел мен халық болашағы, олардың ертеңгі тағдыры да күн тәртібінен түспек емес.

Президенттің газеттегі сұхбатында Ұлу жылының да қорытындысы, 2024 жылы елімізде болған маңызды оқиғалар, ішкі-сыртқы саясат, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы абырой-беделі туралы кеңінен қамтылған. Тәуелсіз Қазақстан үшін мұның маңызы зор.

Президенттің сұхбаты біз үшін – ой толқытып, көңіл сүйсіндірген әсерлі әңгіме болды. Қалай десек те, Президенттің ойлағаны – елдің ісі, жас ұрпақтың болашағы. Сұхбатта осынау маңызды мәселелерге басымдық берілген.

Елдің дамуымен өркендеуі жолында барлығымыз күш біріктіріп, ерінбей еңбек етейік, жарқын болашақтың кілті – Өз қолымызда!

Керімқұл БЕГАЛИЕВ,

“Злиха” шаруа қожалығының басшысы.

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.

Таңдаулы материалдар

Close