Basty bet
Жүрегі жыр – Жұмекен!
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында “15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафонын” ұйымдастырда.
Осыған сәйкес өткен аптада Қарасаз ауылдық округіндегі Қарасаз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Республикасы Гимнінің авторларының бірі Нәжімеденов Жұмекен Сабырұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Жүрегі жыр – Жұмекен» тақырыбында жыр кеші өтті. Кеш барысында №6 А.Пушкин атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары Сейт Ағаділ «Тағы да, тағы да бір жыр бастайын», Асылбек Дания «Шіркін сөз ай, құдіретті ең сен неткен», Жүзбай Нұрай «Ана», Әмірқұл Аруна «Жалқы досым, келсе мені шын ұққын», Нуриддин Ақтоты «Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ», Нұрлан Аяна «Дөң де жаңа, бел де жаңа, сай жаңа», Лес Қарлығаш «Домбыра», Лесбек Айзере «Ескерткішке», Кемелбек Айзере «Жүрек», Абай Дарын «Көкжиекке көтерді күн кірпігін», Әбдірағым Нұрперзент «Менікіғой, менікіғой бұл аспан», Сердали Қарақат «Оңашада», Шәріп Айсәуле «Суыртпақ», Қазыбай Нұрдәулет «Өз мүлкімнің бар салмағын ұқса жан», Құрал Арман «Тербетіліп жатыр дала алдымда» өлеңдерін мәнерлеп оқыса, «Айбибі» би тобы «Дважды два четыре», «Қамажай», «Батырлар» биін биледі.
Кітапханашы А.Темірбаева «Тәуелсіз елдің жыр жұлдызы – Жұмекен» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Жүрегіжыр – Жұмекен» атты әдістемелік құралмен таныстырды. Ал, кітапхана әдіскері Б.Алпысбаева «Кітап – жаназығы» атты кітап инсталляциясымен таныстырды. Іс шара соңында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қайсар Асылбеков қатысқан барлық оқырмандарға алғысын білдіріп, марапаттады.
Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері