Basty bet

БАУКЕҢНІҢ БАТАСЫ

Дана халқымыз «Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді» дегенді бекер айтпаса керек. Атадан балаға мирасы мол мұрамыздың ішінде батаның лайықты жоғары орны бар. Бата – өсиет пен аманаттың атасы, ұрпаққа деген сүйіспеншілік пен махаббаттың бұлағы, имандылық пен тәубе – қанағаттың қайнары ошақтың үш бұты тәрізді парасаттың тегеуріні – ниет пен сөз және істің ұйтқысы.
Ата-бабадан қалған ұшан-теңіз аса құнды баталардың ішінде Баукеңнің баталары бір төбе деп айтуға болады. Себебі Баукең баталары ақиқат пен шындыққа шынайы парасатқа негізделіп, жан-тәнімен берілген ықылас үлгілері.
Баукеңнің халық арасында таралып жүрген (1968 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан екі томдық шығармалар жинағына енген) батасындағы ақ ниетті тілек хас батырдың сенімі мен сезіміне білім мен ерлігіне өрілген жандүниеңді шымырлататын, шынайы намысыңды оятып, имандылық әлеміне жетелейтін құдіретті күш бар. Баукеңнің батасына өзек болған күштің көзі – Тәңір нұры.
Демек, бұл батада дүниенің бір кілті бар. Бірақ ол кілтті пайдалану әрбір адамның қолынан келе бермейді. Бұл өте терең күрделі мәселе. Баукеңнің мұрасы елжандылық (патриотизм) ілімінің өзегі, идеологияның шыңындағы жұлдызы.
Сондықтан, Баукеңнің бұл дүниесі де арнайы зерттеуді қажет етеді. Әрине, бұл педагогика саласынан бастау алуы тиіс.
Ал осы шағын мақаладағы мақсат қарапайым ғана. Баукеңнің ел ардақтысы болып өсуіне әсер еткен қаһармандық ғұмырының бастауы болған төмендегі батаны жұртшылық назарына Батырдың 115 жылдық мерейтойына орай жинақтап ұсыну арқылы дара да дана тағылымынан сусындау – жадымыздағы жақсы тілекті жаңғырту еді…

Редакциядан.

Таңдаулы материалдар

Close