Basty bet
Әйелін ұрып-соққаны үшін 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды
Жуалы аудандық сотымен ҚК-ің 109-1-б. 1-б., (Денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу) бойынша Ә.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен не анықталды:
2025 жылдың наурыз айында сотталушы Ә. отбасында жанжал шығарып өзінің заңды некедегі жұбайына яғни жәбірленуші М. қатысты қол жұмсаған яғни жәбірленушіге қатысты қол жұмсап дене жарақатын жасап, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілмеген физикалық ауыртпалық туғызған.
Аталған қылмыстық теріс қылық тұрмыстық зорлық-зомбылық санатына жатады, оның санкциясында 80 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 25 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайын анықтамады, жазаны жеңілдететін мән-жайды сот сотталушының кінәні толық мойындап өкінгендігін ескерді.
Сот үкімімен, сотталушыға 40 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»