Basty bet

САЯБАҚ АУМАҒЫН РЕТКЕ КЕЛТІРІП, ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Кез келген өңірдің мұнтаздай таза, жанға жайлы көз тартарлықтай болып жайнап тұруы – ең алдымен сондағы тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен белсенділігіне және олардың қоршаған орта, туған өлке табиғатына деген жанашыр көзқарасына тікелей байланысты екені анық.
Осы мақсатта қасиетті өңірдегі Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат ауылындағы даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы саябағының аумағындағы жаттығу жасау алаңының шөбі орылып, біршама ретке келтірілді. Саламатты өмір салтын ұстанатын бір топ зейнеткер аталған саябақтың тазалығына өз үлестерін қосты. Атап айтар болсақ, ауыл тұрғындары Ербол, Сәрсенбай, Нұрғали есімді белсенді әрі жанашыр азаматтар өз қаражатына арамшөпке қарсы дәрілер алып, саябақтың аумағын тазалап, сенбілік ұйымдастырды.
Белсенді азаматтар ұзақ өмір сүрумен бірге, саламатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығын нығайтып қана қоймай, спортпен шұғылдану арқылы өмірге деген құштарлықтарын арттыруда. Осы тұста үйде бос отырып қалмай зейнеткерлердің уақытын тиімді пайдалануға да Батыр атындағы саябақ алаңының тигізетін әсері мол.
Онымен қоса, зейнеткерлердің ауыл-аймақтың айналасын таза ұстау, су жүретін арықтардың ішін тұрақты тазалап отыру, сондай-ақ, ауыл жастарының табиғат пен қоршаған ортаға жанашырлық таныту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды қайта жаңғыртуға өз үлестерін қосып отырғанын ерекше айта кеткен жөн.

Күлмаш МӘСЕНҚҰЛОВА,
зейнеткер.
Б.Момышұлы ауылының тұрғыны

Таңдаулы материалдар

Close