Basty bet
СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ: ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Жуалы ауданы ТЖ бөлімі, №7 ӨСБ қызметкерлері және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Қызыларық ауылдық округ аумағындағы өзеннің және “Теріс-Ащыбұлақ” су қоймасында тыйым салынған жерлеріне және суға түсуге арналмаған орындарға қауіптілік туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізілуде.
Алайда тұрғындардың бұл ескертулерге бей-жай қарауына байланысты 2025 жылы “Теріс-Ащыбұлақ” су қоймасында 2 адам суға батып қаза болды.
ТЖ қызметкерлері қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығы туралы ескертеді, яғни судағы демалу қайғылы оқиғамен аяқталмауын ескеру қажет. Ыстық күндері судағы жиі болатын қайғылы оқиғалардың себебі, ол мұздай суға бірден кіру, мас күйінде жүзу және өз күшін асыра бағалау болып табылады. ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары мен қонақтарына табиғатта демала отырып, барлық сақтық шараларын сақтауды, мұқият болуды нұсқайды. Қырағы болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Қарапайым аңғалдық қайғылы оқиғалардың болуына әкеліп соғады. ТЖ туындаған жағдайда Бірыңғай құтқару қызметінің – «112» телефонына жедел хабарласыңыз!