Basty bet
МЕМЛЕКЕТТІК БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №232 бұйрығымен бекітілген.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша жеке басты куәландыратын құжатты:
Қандас мәртебесі бар адамдар зейнетақылар тағайындауға жүгінген кезде сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады.
Әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар тағайындау үшін өтініш пен құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.
Базалық зейнетақыны тағайындау үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында тізбеленген құжаттардан басқа:
1) өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттарды;
2) неке туралы куәлікті (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлікті немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзіндіні (бар болса) ұсынады.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттарға (олардың болуына байланысты) мыналар жатады:
Өтініш берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын құжаттар;
10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2%-ға артады;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау – Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күні;
Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды
Келесі шара мыналарды көздейді:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100%-дан 120%-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу. Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады. Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрайды.
2025 жылдың 1 қаңтардағы ең төменгі 32360 тенге (немесе 70%), және максималды – күнкөріс деңгейінің 110%-ы ол 50851 тенгені құрайды.
2025 жылдың 1 мамырындағы есепті мерзімге облыс көлемінде базалық зейнетақы алушылар саны 133670 зейнеткерді қамтиды, төленетін зейнетақының орташа айлық мөлшері – 46004,67 тенге.
А.Абдраимова,
Еңбек және халықты әлеуметттік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің
№1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы