Basty bet
Йод тапшылығын болдырмас үшін
Йод – қалқанша бездің жұмысына қажетті элементтердің бірі. Организм йодты бөліп шығаруға қауқарсыз. Сондықтан қалқанша бездің жұмысын жақсарта отырып, гормонның дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді. Организм йодты өздігінен бөлмеу салдарынан, көп адам құрамында йоды бар тағамдарды тұтынады. Йод көптеген өнім құрамында кездеседі, бірақ йодтың азық-түліктегі мөлшері әртүрлі. Құрамында йоды көп өнімдер: көбіне сүтті тағамдар, теңіз өнімдері, ет, нанның кейбір түрлері, жұмыртқа, сондай-ақ мультидәрумендер. Дегенмен, кейбір тағам түрлерінде йодтың қаншалықты мөлшерде екені көрсетілмеген. Организмде йодтың тапшылығы байқалатын болса, онда құрамында йоды көп тағамдарды қолданған дұрыс. Йод жетіспеушілік жүктілік кезіндегі және бала емізетін әйелдерге аса қауіпті. Өйткені жүктілік кезінде йод тапшылығы дамып келе жатқан нәрестеге әсерін тигізуі мүмкін. Организмде йодтың аз болуы түсік тастауға, уақытынан бұрын босануына немесе туа біткен ауытқулардың туындауына әкелуі мүмкін. Қалқанша бездің қызметі бәсеңдеген жағдайда балалардың өсуі мен дамуы баяулайды, дене бітімі дұрыс қалыптаспайды, бойы аласа, ақыл-ойы кем болады. Мұндай кемістікті кретинизм дейді. Сол себепті де барлық жүкті әйелдерге екінші үш айында (12 апта), сондай-ақ бала емізетін әйелге Ламифарэн өнімін қабылдау ұсынылады. Себебі, Ламифарэн өнімінде йодтың тәуліктік мөлшері бар.
Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде түспеуінен пайда болады. Балалардағы йод жетіспеушілігі салдарынан көңіл күйінің тұрақсыздығы, депрессияға ұшырауы мүмкін, әлсіздік, жүйке жүйесімен қоса барлық ағза зардап шегеді. Кардиологиялық өзгерістер – ырғақтың бұзылуы, инфекциялық және суық тию ауруларының жиілеуі, бұлшық ет сұлбасының әлсіреуіне байланысты дене бітімінің өзгеруі болуы мүмкін.
йод тапшылықтың салдары:
• Қалқанша бездің үлкеюіне;
• Нәрестелер мен балалардың ақыл-есінің кем болуына әкеледі.
Гипотиреоз, яғни гормон жетіспеушілік – йод тапшылықты туындататын себептерінің бірі.
Йод тапшылығы осы уақытқа дейін денсаулық саласында бүкіл әлемдік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Әлемдегі халықтың шамамен 40% йод жетіспеушіліктің қауіпінде тұр, осының салдарынан қалқанша безінің аурулары өршіп келеді.Қалқанша безі ауруларының белгілері:
• Ауа жетпеу (әсіресе жатқан уақытта);
• Жұтынғанда және тыныс алғандағы туындайтын қиындық;
Күнделікті ағзаға йод түсіп тұрғанымен, ағзаға сіңуіне кедергі жасайтын себептер бар. Адам ағзасында микроэлементтің сіңіуіне кедергі жасайтын бірнеше себептер: дұрыс тамақтанбау, микроэлементтер мен дәрумендер жеткіліксіздігі. Эндемиялық жемсау дертіне шалдыққандардың санатында қыз балалар көп. Бұл дерт түрі 6-7 жастан басталып, баланың жасы өскен сайын ұлғая береді.
Йодтың 90 пайызын адам тағамнан алады, ал қалғандарын ауа мен судан алады. Сондықтан йод жетіспеушілігінің алдын алуда дұрыс тамақтану басты рөл атқарады. Және де ет, сүт, жұмыртқа ағзаға йод беретін негізгі тағамдар екенін есте ұстаңыз. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда ондағы йод жойылып кетеді. Сонымен қатар, көкөністер ішінде – қызылша, шпинат, қызанақ, сәбіз, картоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, ал жеміс-жидектер ішінде – құрма, алма, жүзім, шие, қара шабдалы, грек және балқарағай жаңғақтарында, ал жармалар ішінде – қара құмық және тары құрамында да йод көп. Сондықтан күнделікті өмірде аталмыш тағамдарды жиі пайдалану – йод жетіспеушілігін болдырмаудың басты жолы. Әлсіз топтар, ерте жастағы және мектеп жасындағы балалар арасындағы йод жетіспеушілігін жою үшін топтық алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет, ол үшін әлемдік тәжірибеге сай 100, 200 мкг йодид, йодомарин таблеткаларын қолдану қажет. Уақытында йодтың алдын алу өскелең ұрпақтың – біздің болашағымыздың денсаулық деңгейін, үйлесімді дамуды, интелектуалды әлеуетті қалпында ұстауға жағдай жасайды. Әр адам өзінің және жақындарының денсаулығына ұқыпты қарау керек.
Марат Искаков,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы