Basty bet

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР ҰҚК ШҚ-ның Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы Жамбыл облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты азаматтық сағат өткізді.
Іс-шараны шекара басқармасы бастығының орынбасары- тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы, подполковник Данияр Сарымсақов және аталған бөлімнің аға офицері, аға лейтенант Қайрат Байтіков ұйымдастырды.
Іс-шарада қатысушыларға Тәуелсіздіктің басты нышандары болып табылатын Мемлекеттік рәміздер туралы кеңінен мағлұмат беріліп, олардың әрбір қазақстандық үшін маңызы ерекше екені атап өтілді. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың ғасырлар бойы арманы болған еркіндіктің, елдік пен егемендіктің нақты көрінісі.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Оларды құрметтеу – елге, тарихқа, мәдениетке және ұлттық салт-дәстүрге деген шынайы құрметтің белгісі.
Іс-шара барысында «Асыл Арман» өнер ұжымы патриоттық әндер орындап, шараның мазмұнын рухани тұрғыдан толықтырды. Шара соңында екі тарап – шекара басқармасы мен кітапхана ұжымы өзара марапаттар табыстап, алғыс білдірді.

Камила Әбсеметова, кітапханашы

Таңдаулы материалдар

Close