Basty bet

Өрт қауіпсіздігі

Ауа райының жылуы келгеннен кейін тұрғылықты өрт саны өсуде. Өрт сөндірушілерді көп жағдайда алаңдататын орман өрттері мен қалың шөп қурайы. Бақшашылар мен ауыл тұрғындары жаңа маусымға өз учаскелерін дайындауды бастайды. Сол себептен былтырғы қоқыс пен кепкен шөптен құтылудың жеңіл түрі оларды жағып жіберу. Бірақ шөптерді жағу көп жағдайда қайғылы оқиғаға себеп болады. Қалың қурайы шөптің жануы елді мекендерге, тұрғын үйлерге, ауыл шаруашылық құрлыстарына қауіп төндіреді.
Аудан тұрғындары табиғатта демалу кезінде қауіпсіздік шараларына көңіл бөлмейді. Олар от қолдануда жанған от ошақтарын сөндірмейді. Соның салдары орман өрттерінің болуына себеп болады. От қурай шөппен тез арада үлкен аумаққа таралып әрі қарай көшеттер мен ағаштарға тарайды.
Ауданда орман өрттері көп жағдайда адамдардың сүйіп демалатын орындарында жиі болады.
Табиғи өрттердің таралуы мен олардың тұрғын-үй мекендерге жақындамауын болдырмау үшін қажетті түрде өрт қаупсіздігі ережелерін сақтау қажет. Өрт қауіпті кезеңде төмендегілерге рұқсат етілмейді:
• Қураған шөпті және қоқысты ағаш құрылыстарының маңайында жағуға;
• Балалардын отпен ойнауына;
• Қалың қарағайдың жас өскіндері, ағаш тамырлары маңында от жағуға;
•Қурай шөпті орман алаңдарында;
• Қамыстарды тұтатуға;
• Сөндірілмеген ошақтарды қалдырмауға.
Табиғат өртін байқаған жағдайда тез арада жақын жүрген адамдарды қауіпсіз жерге кетуін ескерту қажет.

Міндетті түрде өрт мекен жайын орманды қорғау мекемесімен және өрт сөндіру бөлімінің мына телефондарына хабарлау керек «101».

Таңдаулы материалдар

Close