Basty bet
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 23 тамызына белгіленген Қазақстан Республикасының Құрылтайы сайлауына қатысатын саяси партиялар мен партия тізімімен ұсынылған кандидаттар үшін Жуалы аудандық «Jana omir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінде үгіт материалдарына орын берудің тәртібі мен талаптары, ақы төлеудің көлемі туралы ақпарат.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, аудандық «Jana omir-Новая жизнь» газеті сайлауалды үгіт материалдарын мақала түрінде жариялайды.
ҮГІТ МАТЕРИАЛЫН ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ
Редакция тіркелген кандидаттардың/партиялардың үгіт материалдарын жариялау үшін баспасөз бетінен орын береді. Кандидаттардың/партиялардың газетке шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу реті бойынша белгіленеді. Жазбаша өтініш редакцияға келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде орын берілгені үшін «Jana omir-Новая жизнь» газеті және кандидат/партия мақаланың жариялану ақысы жайында екі жақты келісім-шарт жасасады. Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына жүз пайыз көлемінде түскеннен кейін барып жарияланады.
ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСЫНУДЫҢ ТӘРТІБІ
Кандидаттар/партиялар немесе олардың өкілдері үгіт материалының мәтінін редакцияға «Jana omir-Новая жизнь» газетінің кезекті саны жарыққа шықпай тұрып, үш күн қалған мерзімге дейін ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат/партия немесе сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек (флешка, диск, электрондық пошта). Берілген күні және тіркеу нөмірі көрсетілген материалдың жазбаша нұсқасы редакцияға екі данамен тапсырылып, оған редакция тарапынан қабылданған күні, уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні, қызметі жазылып, қол қойылады. Мәтіннің біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары жарияланбайды.
ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
Кандидат немесе олардың сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын жүз пайыз төлейді. Төлемақы редакцияның алдын ала келісім-шартта қарастырылғандай арнайы реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек.
Прайс-парақша
Кандидаттарға/партияларға сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру туралы.
Газет сейсенбі, жұма күндері аптасына екі рет қазақ және орыс тілдерінде шығады.
Форматы – D2.
Бірінші және соңғы беті түрлі-түсті.
Таралымы – 5037 дана.
Үгіт материалдарының төлем мөлшері – ішкі беттерге 1 (бір) шаршы сантиметрі үшін 300 (үш жүз) теңге ҚҚС-сыз.
Үгіт материалдары қосымша газеттің www.janaomir.kz сайтында жарияланады.
«Jana omir-Новая жизнь» газетінің редакциясы ЖШС