Basty bet
Astana Hub-қа 8 жыл — туған күнімізді сіздермен бірге атап өтейік!
6 қараша күні Astana Hub өзінің 8 жылдығын атап өтеді! Осы жылдар ішінде мыңдаған адам IT саласындағы алғашқы қадамдарын жасап, стартаптарын іске қосып, даму үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Мереке құрметіне бағалы сыйлықтары бар байқауды бастаймыз!
Astana Hub-пен байланысты ең басты жетістігіңізбен бөлісіп, 10 жеңімпаздың бірі болу мүмкіндігіне ие болыңыз!
📲 Қалай қатысуға болады?
1. Astana Hub қосымшасын жүктеп алыңыз.
2. Оқиғаңызбен Reels немесе карусель-пост жариялаңыз.
3. @astana.hub аккаунтын белгілеп, #MyAstanaHubStory хэштегін қосыңыз.
4. Жарияланымда екі танысыңызды белгілеп, оларға эстафетаны жолдаңыз.
🏆 Үздік 10 оқиғаның авторлары Astana Hub-тан бағалы сыйлықтар алады!
📅 20 қарашаны қоса алғанда — жарияланымдарды қабылдау.
🎉 23 қараша — жеңімпаздарды жариялау.
Өз оқиғаңызбен бөлісіп, мерекеміздің бір бөлігі болыңыз!