Basty bet

Ербол Қарашөкеев бокстан Қазақстан чемпионатын тамашалады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, жартылай финалдық кезеңдегі тартысты жекпе-жектерді тамашалады.

Шараға Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері, халықаралық дәрежедегі төрешілер және бокс сүйер қауым қатысты.

Биылғы ел біріншілігі араға 12 жыл салып, Әулиеата төрінде өтті. Чемпионатқа еліміздің 20 өңірінен 369 спортшы қатысты. Оның ішінде Жамбыл облысының намысын 33 боксшы қорғады.

Жарыс барысында облыс әкімі спортшылар мен жаттықтырушыларға сәттілік тілеп, төрешілерге әділ төрелік етуіне тілектестік білдірді.

Таңдаулы материалдар

Close