Basty bet
Құқықтық сауаттылықты арттырып, заңнаманы жетілдіру қажет
Сыбайлас жемқорлық проблемасы қазіргі таңда халықаралық ауқымдағы проблемаға айналды. Өйткені бұл кесел барлық елдерге тән, олардың саяси құрылымы мен экономикалық даму деңгейіне қарамастан, нарықтық экономикасы бар демократиялық мемлекеттерде де орын алуда.
Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономикаға, саясатқа, әлеуметтік салаға үлкен әсерін тигізеді және осы құбылыс тудырған теріс салдарлар қоғамның үдемелі дамуына кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік органдар үшін де негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Сонымен қатар, стратегиялық бағыттардан басқа, мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізеді. Өйткені сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде мемлекеттік қызмет органдарының имиджіне теріс әсер етіп, азаматтардың сеніміне нұқсан келтіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бола ма? Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде. Әлемде барлық елдер үшін оңтайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерінің бірегей жиынтығы жоқ. Әрбір ел қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері жиынтығының ерекшелігі бірегей және тек саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге, діни ерекшеліктер мен құқықтық мәдениет деңгейіне, сондай-ақ алып жатқан аумақтың ауданына, тығыздығына, халық санына байланысты. Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында
Қазақстанда мемлекеттің қазіргі әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұтас стратегияға қажеттілік барған сайын айқын болды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бар. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық, яғни азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің өзара іс-қимылы. Оның мәні – шенеуніктердің мемлекеттік қызмет үшін түрлі сыйлықтар мен басқа да игіліктерді алуы. Сыбайлас жемқорлықтың бұл түріне непотизмді де жатқызуға болады. Бұл кезде лауазымды тұлға өз өкілеттіктерін пайдалана отырып, жақын туыстарын, жұбайларын немесе жекжаттарын пайда алу үшін жоғары ақы төленетін жұмыспен немесе қызметпен қамтамасыз етеді.
Іскерлік сыбайлас жемқорлық – сыбайлас жемқорлықтың бұл түрінде билік өкілі мен бизнес арасындағы заңсыз кооперация қарастырылады. Көп жағдайда бұл келісімшарттар жасасу және «кері қайтару» алу кезінде байқалады.
Саяси сыбайлас жемқорлық – бұл жоғары дәрежелі басшылық пен Жоғарғы соттардың өзара әрекеті. Сыбайлас жемқорлықтың бұл түрі заңсыз мінез-құлқы ел азаматтарының мүдделеріне нұқсан келтіретін мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға әкеп соғатын адамдардың жоғары тұрған топтарына жатады.
Дегенмен, айта кететін жайт, біз сыбайлас жемқорлықты бақылау идеалына қол жеткізген жоқпыз. Бірақ ұсынылған әдістер біздің әлі де алтын ортаға жетуге талпыныс жасап жатқанымызды көрсетеді. Біз сыбайлас жемқорлықты толығымен жеңе алмаймыз, оның шектен шығып кетпеуі үшін оны бақылауда ұстай аламыз. Қалай болғанда да, әзірге сыбайлас жемқорлықты толығымен жою туралы емес, оны бақылау туралы ғана айтуға болады. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде сыбайлас жемқорлықты толығымен жеңуге көмектесетін мұндай платформа, ең алдымен: құқықтық сауаттылық, ағарту және үгіт-насихат әрекеттері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және соның нәтижесінде заңнаманы жетілдіру.
Нұрсұлтан РАҚЫМБЕК,
Нұрлыкент ауылдық
округінің әкімі