Basty bet

Ертай ауылында – жаңа спорт кешені

Сәрсенбінің сәтті күні аудан орталығында өңірдің төл басылымы – «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің 90 жылдық мерейтойы атап өтілсе, осынау мерейлі мерекемен тұспа-тұс Боралдай ауылдық округіне қарасты Ертай ауылында жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.
Ауыл тұрғындарының көзайым қуанышына облыс орталығынан Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков арнайылап келсе, онымен қоса салтанатқа аудан әкімінің орынбасарлары – Рақымғазы Құниязов және Асхат Жабағы, ауылдық округ тұрғындарымен қатар, спорт ардагерлері қатысты.
Тұрғындар көптен күткен спорт кешені жаңа ғимаратының лента қию рәсімін Боралдай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Мақсатбек Байболов және ауылдық округ қоғамдастығының төрағасы, ардагер Лесбек Көпжасаров атқарды.
Айта кету керек, спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын тараздық «Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізіп, құрылысты өз мерзімінде және сапалы аяқтап, ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға беріп отыр. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан көпшілік спорт кешенінің ішіне еніп, үлкен залмен және ауыл жастары жаттығатын бөлмелерді аралап көріп, жалпы кешеннің жұмысымен кеңірек танысуға мүмкіндік алды.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close