Basty bet

«Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы

Ағымдағы жылдың 17 – 26 желтоқсан күндері аралығында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіз жаңа жыл» атты республикалық акциясы аясында тұрғын үй, кафелер, мейрамханалар, мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері, дүкендер, сауда орындарында, әкімшілік, қоғамдық, сауда ғимараттарында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіледі.

Көп жағдайда абайсыздықтан «жаңа жылғы себептерден» өрт пайда болады.

Себебі, отшашулар, шырағдандар, бенгал шамдары сынды жарылғыш заттардан түрлі жарақаттар алу қаупі өте жоғары.

Жуалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі Жаңа жылдық кештерде, ертеңгіліктер мен жай ғана үйдегі мерекелік дастарханның шырқы бұзылмас үшін, кез келген төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

– шыршаны қағаз әрі мақтадан дайындалған ойыншықтармен безендірмеңіз. Ешқашан онда жанғыш шамды ілмеңіз;

– көзге қауіпсіз көрінетін болса да , кез-келген пиротехникалық бұйымдарды балаларға өз бетінше қолдануға рұқсат етпеңіз.;
– алғашында жанбай қалған пиротехникалық бұйымды екінші рет қолдануға тырыспаңыз.

Қарапайым ережелерді сақтай отырып, Жаңа жылда өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріндегі қауіпті сейілте аласыз.

 

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close