Basty bet

Жауапкершіліктің жемісі

Өткен аптада 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесіне орай Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық «Аманат» партиясының мәжіліс залында «Заманауи журналистика: Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Ғұмыр- Дария» облыстық ардагерлер газетінің директоры Жаңабай Миллионов, облыстық қоғамдық кеңесінің, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев және облыстық, аудандық газеттің ардагерлері және жас журналистер қатысты.
Басқосуда алғашқы сөз Жаңабай Миллионов пен Дүйсенәлі Бықыбаевқа берілді. Олар барша ақпарат құралдары өкілін кәсіби мерекемен құттықтай келе, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, қалам ұстаған қауымға марапат табыстады.
Осындай құрметке бөленгендердің ішінде әріптестеріміз, аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің есепшісі Эльмира Мырзалиева және газеттің корректоры Баян Тұрсынқұлқызы да бар. Оларға «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен қатар, қаржылай сыйлық табыс етілді.
Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен жетістіктерінің жаршысы. Алған марапат біріншіден еңбектің еленгені, екіншіден жауапкершіліктің еселене түскені деп білеміз.
Марапат құтты болсын, әріптестер!

«Жаңа өмір» ақпарат

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close